2018 жылдың 20 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасымен үштілді меңгерген жастар арасында «Тілдарын» олимпиадасы өтті. Олипиаданың негізгі мақсаты –қазақ,орыс,ағылшын тілдерін меңгерген жастарды анықтап, қолдау білдіру, патриоттық сезімді нығайту, тіл мәдениетін дамыту, басқа ұлттардың тілі мен мәдениетіне сыйластықты арттыру, бәсекеге қабілетті жастар санын арттыру. Аталған іс-шарада Қарабалық ауданы атынан М.Сералин атындағы Қарабалық ОМ ағылшын тілі мұғалімі Нарбек Мадина қатысты. Байқауға 24 адам қатысты. Байқау нәтижесі бойынша Нарбек Мадина «Сөз шебері» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.