Блог статистикасы
195
Жазбалар
4886
Өтініштер
190349
Келушілер
Жаманов Ерлан Айткулович
Аким Алтынсаринского района


Байланыс ақпараты

Телефон приемной акима: 8(71445) 34-2-20
Телефон доверия: 8(71445) 34-2-48
Aдрес: Костанайская обл., Алтынсаринский район, с. Убаганское, улица Ленина ,4
E-mail:altynsar@kostanay.dov.kz

Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Жаманов Ерлан Айткулович
Аким Алтынсаринского района

Байланыс ақпараты

Телефон приемной акима: 8(71445) 34-2-20 Телефон доверия: 8(71445) 34-2-48 Aдрес: Костанайская обл., Алтынсаринский район, с. Убаганское, улица Ленина ,4 E-mail:altynsar@kostanay.dov.kz

Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Жаманов Ерлан Айткулович
Аким Алтынсаринского района

Байланыс ақпараты

Телефон приемной акима: 8(71445) 34-2-20 Телефон доверия: 8(71445) 34-2-48 Aдрес: Костанайская обл., Алтынсаринский район, с. Убаганское, улица Ленина ,4 E-mail:altynsar@kostanay.dov.kz

Новости региона

10-15-2019
Мекен-жай анықтамасы. Нені білу керек!

Достар, қарашадан бастап мекенжай анықтамасы болмайды. Желі пайдаланушылары оның орнын қандай құжат басады, енді тұрғылықты жер бойынша тіркеу қажет емес пе деп сұрап жатыр. Онда мына постымызды сақтап, мұқият оқып, көңілге тоқи жүріңіз. Мекенжай анықтамасы қашан жойылады? 1 қарашадан бастап «Мекенжай анықтамасы» мемлекеттік реестрден мүлде алынып тасталады. Мекенжай туралы мәліметтерді қалай, қайдан көруге болады? Тұрғылықты мекенжай жөніндегі мағлұматты egov.kz электронды үкімет порталы мен eGov mobile қосымшасындағы жеке кабинет арқылы тексеруге болады. Мемлекеттік органдар мен өзге заңды тұлғалар бұл мәліметті қайдан алады? Мемлекеттік органдар мекенжай деректерін ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелер арқылы алатын болады. Басқа ұйымдар, соның ішінде жеке компаниялар egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші тұлғаларға анықтама беруге мүмкіндік беретін сервисті пайдалана алады. Бұл тек азамат бір рет ақпарат алуға рұқсат беретін SMS-ке келісім бергенде ғана жүзеге асатын операция.

10-15-2019
Бір өтінішпен алуға болатын мемлекеттік қызметтер саны көбейеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы композитті түрде көрсетілетін қызмет түрлерін арттырмақ. Бұдан былай қандайда бір мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылатын өтініш саны азайтылатын болады. 2020 жылы қызмет көрсету процесін оңтайландыру үшін 55 түрлі мемлекеттік қызмет 21 түрлі композиттік қызметке біріктіріледі деп жоспарланып отыр. «Мұндай қызметтердің ішінде жер актісін алу қызметі үлкен сұранысқа ие деп ойлаймын. Мәселен, қазір бұл қызметті алу үшін 4 түрлі өтініш жазу керек. 2020 жылдан бастап, бұл актілердің барлығы біріктіріліп, «Сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу және беру» сияқты бір қызмет арқылы қолжетімді болады. Бұған дейін біз зейнеткерлікке байланысты төлемдерді тағайындау бойынша барлық қызметті композит қызметіне біріктіргенбіз», – дейді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева. Айта кетейік, зейнеткерлік төлемдерді бір ғана өтінішпен тағайындауға мүмкіндік беретін қызмет бір жыл бұрын іске қосылған, содан бері композитті түрде 99,2 зейнетақы тағайындалған. Бұған дейін зейнет жасына жеткен азамат ХҚО-ға келіп жасына байланысты және базалық зейнетақыны төлеу бойынша2 өтініш беретін, әрі бір айдан кейін қайтадан мемлекеттік кепіл төлем жасау туралы өтініш жазып, кейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына барып,тағы бір өтініш толтыратын. Енді осы 4 қызмет үшін ХҚО-ға бір-ақ рет барып, бір ғана өтініш жазу жеткілікті.

Енді мемлекеттік қызмет тіалутіптіоңай және ыңғайлы бола түсті
10-14-2019

Қазан айының басынан электрондық үкіметтің жаңартылған eGovmobile мобильдік қосымшасы іске қосылды. Қосымша мемлекеттік қызметтерді алу процесін айтарлықтай жеңілдетті, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет». ЖетілдірілгенeGovmobileқолданыстағыэлектронды-цифрлыққолтаңбаны (ЭЦҚ) 4 таңбалы PIN-кодқанемесе биометрия құрылғыларына (Face ID, Touch ID) тіркепқоюғамүмкіндікбереді. Бірретэлектронды-цифрлыққолтаңбаны (ЭЦҚ) PIN-кодқанемесе биометрия құрылғыларынатіркепалғанқолданушы, жүйегекіружәнемемлекеттікқызметалукезінде ЭЦҚ таңдапнемесе пароль енгізіпәуреболмайды. Енді азаматтарға ЭЦҚ-ның қажеттілігі жоқ. Біз ұялы телефонымыздың бұғатын саусақ ізімен немесе Face ID-мен шешуді үйреніп алдық. Дәл осылай бұл қосымшада да ЭЦҚ-ңызды өзіңіздің биометрияңызға тіркеп алып, мемлекеттік қызмет алу барысында сұрауды өзіңіздің Touch ID немесе Face ID-іңізбен растауға болады. Оның үстіне, ЭЦҚ-ны мобильді құрылғыларда пайдалану үдерісі жеңілдетілді. Бұған дейін ЭЦҚ смартфонға компьютер арқылы жүктелетін болса, қазір сертификатты қолданушының электронды поштасындағы хаттан бірден ұялы телефонға жүктеп алуға болады. Сондай-ақ қосымшаның өзінде ЭЦҚ-ны қалай жүктеуге болатыны туралы, авторизациядан өту және т.б. кеңестер бар, әр жаңа қызметке қадамдық нұсқаулық берілген. Осылайша әзірлеушілер – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қосымшаны қолданыста барынша қолайлы етуге тырысты. Айта кету керек, қазіргі уақытта қосымшада 28 қызметтер қолжетімді. Олар: базалық зейнетақы төлемін есептеу мөлшері туралы анықтама, бала тууына байланысты төлемдер және бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің жоғы (бары) туралы анықтама және т.б. Қосымшаны AppStore және PlayMarket-тен жүктеп алуға болады.

Азаматтарға маңызды ақпарат!
10-09-2019

Бүгінгі күні төтенше жағдайлар Комитеті, ҚР ІІМ екі мемлекеттік қызмет көрсету жүзеге асырылады: 1) өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі сараптама ұйымдарын аттестаттау. 2) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау жатады. Рұқсат беру қызметтерінің, оның ішінде өтініш беру тәртібі туралы барлық қажетті ақпаратты Сіз ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында мемлекеттік қызметтер бөлімінен ала аласыз. Сонымен қатар, Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау органдарының құзыретіне өрт қауіпсіздігі саласында қандай да бір қорытынды беру кірмейді. Рұқсат беру жүйесінің реформасы қандай да бір қызмет түрін келісу сатысында өрт қауіпсіздігі желісі бойынша бақылаудың барлық элементтерін толығымен алып тастады. Мәселен, 2009 жылдан бастап 68 рұқсат беру рәсімі алынып тасталды (оның ішінде кәсіпкерлердің қызметтің лицензияланатын 20 түрі бойынша азаматтық қорғау органдарының қорытындысын алу қажеттілігі жойылды). Бүгінгі күні жеке және заңды тұлғаларға қандай да бір қызметті жүзеге асыру үшін өрт қауіпсіздігі саласында қандай да бір қорытынды алудың қажеттілігі жоқ (жер учаскесін бөлу, объектілер салу және т.б.).

Азаматтарға арналған үкімет жоғары сұранысқа ие анықтамалардың бестігін...
10-07-2019

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева фейсбуктегі парақшасында Қазақстандағы ХҚО арқылы берілетін жоғары сұранысқа ие 5 анықтама түрін жариялады. Бұл бестікке мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, БЖЗҚ салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат және соттылықтың болуы немесе болмауы туралы сияқты анықтамалар енген. Балташеваның айтуынша, «анықтамалар рейтингі» арнайы жүргізілген талдау нәтижесінде анықталған. Талдау барысында биылғы жылдың 8 айында қазақстандықтар ХҚО-дан 4,5 млн мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүліктің бар/жоқ екендігі туралы миллионға жуық анықтаманы және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы 700 мыңнан астам анықтаманы сұратқаны анықталған. «Бұл электрондық үкімет порталыжәне телеграмм-ботарқылы өз бетінше алынған анықтамаларды есепке алмағандағы, қазақстандықтардың ХҚО-ға келіп алған анықтамаларының көрсеткіші», – деп нақтылады Әсемгүл Балташева. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мекенжай туралы анықтаманы жою туралы бастама көтерді. Нәтижесінде, 1 қарашадан бастап Қазақстанда мекенжай анықтамасын беру мемлекеттік қызмет ретінде қысқартылады, яғни енді азаматтар өзінің тіркелген орнын тек egov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттен тексере алады. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ведомствоаралық комиссияның қарауына тағы 28 анықтаманы мемлекеттік қызмет тізілімінен алып тастауды ұсынды.

«Эко Сағат» Акциясы
10-03-2019

2019 жылғы 03 қазанда сағат 10.00-да Қарабалық ауданының 32 мектебінде «Эко Сағат» республикалық акциясы басталды. Акция Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұсынысы бойынша білім және ғылым министрлігімен бірлесіп өткізіледі. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі 03 қазан – Дүниежүзілік мекендейтін жерлерді қорғау күні. Бұл акцияның мақсаты өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру, оқушылардың экологияның өзекті мәселелеріне деген қызығушылығын ояту, табиғи ресурстарды сақтау болып табылады. Акция шеңберінде экологиялық бағыттағы іс-шаралар және мектеп аумағында ағаш отырғызу жүргізілді. Сынып сағаттарында, дөңгелек үстелдерде, брейн – рингтерде, көшеттерді отырғызуға 3000-нан астам оқушы, 300 педагог қатысты. Акцияға қатысушылар ретінде еңбек ардагерлері, ауылдың құрметті тұрғындары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары шақырылды. 500 жыл бұрын біздің планетамыз 9 миллиард гектар жерді алып жатқан ормандармен жабылған болатын. Кейіннен осы байлықтың үштен екісі, яғни 6 миллиардтан астам гектары әртүрлі себептермен жойылды. Бүгінде ормандар шамамен 3 миллиард гектарды алып жатыр, ал планетаның әрбір тұрғынына шамамен 0,5 гектарды құрайды. Сондықтан әрбір отырғызылған ағаш-өмірдің одақтасы. Бір жыл ішінде орманның гектары 18 миллион текше метр таза ауа береді. Мамандардың пікірінше, кез келген елді мекен оның бір тұрғынына 50 ағаш тиген жағдайда ғана экологиялық тұрғыдан қолайлы болып саналады. Осы себепті үнемі жаңа ағаштарды отырғызу қажет! Абай Құнанбаев атындағы Қарабалық орта мектебінде аудан әкімінің орынбасары Тлеубаев Рүстем Айдарханұлы, ардагер Александр Васильевич, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ескендіров Жанат Оразалынқызы біздің аудан үшін сирек кездесетін пирамидальды теректер отырғызылды. «Эко Сағат» акциясын өткізу мектеп аумағын абаттандыруға, ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге жас ұрпақты экологиялық тәрбиелеуге айтарлықтай үлес қосады.

хат жіберу