Блог статистикасы
195
Жазбалар
4942
Өтініштер
197978
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Мәслихаттың 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 94 «Қарабалық ауданының 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы    Бюджеттік кодексінің 106, 109-баптарына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Мәслихаттың 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 94 «Қарабалық    ауданының 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6785 тіркелген, 2017 жылғы 12 қаңтарда «Айна» аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімінің 1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қарабалық ауданының 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 3 391 173,2 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша – 977 691,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 17 699,0 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 9 772,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 2 386 011,2 мың теңге;

2) шығындар – 3 469 985,5 мың теңге;  

3) таза бюджеттiк кредиттеу – -114 018,1 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер – 44 245,5 мың теңге;  

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 158 263,6 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 35 205,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)               – - 35 205,8 мың теңге.»;

6 – тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. 2017 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен қаражат түсімдері көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

1) ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға нысаналы трансферті;

2) жылу энергетикалық жүйесін дамытуға нысаналы трансферті;

3) Қостанай облысы Қарабалық ауданының Қарабалық кентінде мемлекеттік тілде оқытатын 320 орынға арналған орта мектеп құрылысын дамытуға нысаналы трансферті.»;

8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Қарабалық ауданы жергілікті атқарушы органының 2017 жылға арналған резерві 0,0 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

көрсетілген шешімінің 1, 2, 5, 6 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Кезектен тыс сессия төрайымы                                         Р. Кушекбаева

Аудандық мәслихаттың хатшысы                          А. Тюлюбаев  

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

_________________ И.Захария

«___»_______________2017 жыл

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

_________________ М.Шайхинов

«___»_______________2017 жыл


Қосымша



хат жіберу