Блог статистикасы
195
Жазбалар
5035
Өтініштер
203626
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Мәслихаттың 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 94 «Қарабалық ауданының 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы                   Бюджеттік кодексінің 106, 109-баптарына сәйкес Қарабалық аудандық                                мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мәслихаттың 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 94 «Қарабалық    ауданының 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде   № 6785 тіркелген, 2017 жылғы 12 қаңтарда «Айна» аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімінің 1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қарабалық ауданының 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 3 377 670,7 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша – 977 691,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 17 699,0 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 9 772,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 2 372 508,7 мың теңге;

2) шығындар – 3 456 707,3 мың теңге;  

3) таза бюджеттiк кредиттеу – -116 423,2 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер – 44 245,5 мың теңге;  

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 160 668,7 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 37 386,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)               – - 37 386,6 мың теңге.»;

көрсетілген шешімінің 1, 2, 5, 6 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Кезектен тыс сессия төрайымы                               Ж. Ескиндирова

Аудандық мәслихаттың хатшысы                        А. Тюлюбаев    

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

_________________ И.Захария

«___»_______________2017 жыл

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

_________________ М.Шайхинов

«___»_______________2017 жыл


Қосымша


хат жіберу