Блог статистикасы
195
Жазбалар
4420
Өтініштер
175444
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Әкімдіктің

2016 жылғы «11» мамырдағы

№ 106 қаулысымен бекітілген

 

"Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

     1. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімнің және жергілікті атқару органының қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес казынашылық органдарында шоттары болады.

5. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтармен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 31.

10. Мемлекеттік органның толық атауы- "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

13. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы аудан әкімі және әкімдігінің сапалы және уақытында ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

15.Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген құзырет шегінде аудан әкімі және әкімдігінің өкілеттілігін жүзеге асыруын қамтамасыз ету;

2) атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттер.

16.Функциялары:

1) ауданда ішкі саясат және экономикалық жағдайды қадағалау және талдау, оның дамуына болжау жасайды, аудан және ауылдық округінің, кент және ауыл жергілікті атқару органдардың, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық округінің жұмысын талдайды;

2) аудан әкімі және әкімдігінің аумақтық бөлімшелермен қатынастарын қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық органдарының, сондай-ақ аудан әкімі және әкімдіктің актілер мен тапсырмаларын ауданның жергілікті атқару органдары, ауылдық округтерінің құрамына кірмейтін ауылдық округі, кент және ауыл округінің әкімдерімен орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

4) аудан әкімі және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес іс-қағазды, соның ішінде құпиялық іс-қағазды ұйымдастырады және жүргізеді;

5) аудан әкімдігінің отырыстардың, аудан әкімі және оның орынбасарлары кеңестердің, семинарлар мен өзге де іс-шаралардың дайындығы мен өткізуді, метериалдарды, кеңес хаттамаларды хаттау және таратуды жоспарлайды және ұйымдастырады;

6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштердің есебін және қарауды қамтамасыз етеді, аудан әкімімен және әкімдік мүшелерімен жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауды ұйымдастырып өткізеді;

7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті мемлекеттік органдарының қызметіне тиімділік бағалауды өткізеді;

8) әкім және аудан әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауын қамтамасыз етеді;

9) әкім және әкімдік мүшелерінің тапсырысы бойынша соттарда әкім және әкімдік мүшелерінің мүдделерін қорғап ұсынады, прокурорлық назары бар актілерді қарайды;

10) жергілікті атқару органдары көрсететін мемлекеттік органдарының монитрингін жүзеге асырады;

11) әкімнің және әкімдік мүшелерінің тапсырысы бойынша өз құзырет шегінде тексерулерді өткізеді, қажет болса тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша түсініктемелерді тыңдайды және жазбаша түсініктемелерді талап етеді;

12) жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын, Қарабалық ауданы атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы қызмет бағасын және аттестациясын ұйымдастырып өткізеді;

13) жергілікті атқару органдарында енгізілетін, ақпараттандыру деңгейін арттыру және ақпараттық жүйесін дамыту бойынша жұмысын жүргізеді, ақпараттану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін электрондық қызметтерді дамыту бойынша шараларды қабылдайды;

14) мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсыну үшін құжаттарды дайындауын ұйымдастырады;

15) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, Қарабалық ауданының атқару органдарының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды басуға конкурстардың өткізуін ұйымдастырады, әкімшілік мемлекеттік лауазымдар резервін жұмысты жүзеге асырады, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, Қарабалық ауданының атқару органдарының әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің ауысу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

16) азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жеке тұлғалар туралы мәліметтерді Мемлекеттік базасына тіркеу туралы мәліметтерді енгізеді;

17) туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастырады;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) өз құзырет шегінде мемлекеттік органдардан және лауазымдық тұлғалардан, басқа ұйымдардан аудан әкімі және әкімдіктің құзыреті мәселелері бойынша қажет ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратып алуға;

2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша аудан аумағында орналасқан мекемелер басшыларына қажет тапсырма беруге;

3) тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік басқару органдармен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдармен және өзге ұйымдармен ара қатынасу;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы нормаларын сақтау;

5) Президент, Үкімет және орталық атқару органдарының, сондай-ақ әкім мен аудан әкімдігінің актілер мен тапсырмаларын сапалы орындау;

6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

19. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. Бірінші басшысының өкілеттілігі:

1) "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;

2) "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылдамағаны үшін дербес жауап болады;

3) "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені, құрылым және штаттық саны бойынша ұсыныстарды әзірлейді және оларды әкімдіктің бекітуіне енгізеді, еңбек ақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерге қосымша төлем ақы, материалдық ынталандыру (сыйақылар) белгілейді;

4) ішкі еңбек күн тәртібін белгілейді, құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді және жалпы басшылықты іске асырайды, олар туралы ережелерді бекітеді, "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері меңгерушілердің міндеттерін және өкілеттілігін белгілейді;

5) мемлекеттік қызмет туралы және мамандар мен техникалық қызметкерлердің еңбек туралы заңнамаға сәйкес тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;

 6) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қадағалайды;

7) "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметшілермен орындау үшін міндетті бұйрықтарды шығарады және тапсырма береді;

8) аудан әкімдігі қаулыларының, әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобаларын әкімге қол қоюға береді;

9) қабылданған әкімдік қаулыларының, аудан әкімі өкімдер мен шешімдерінің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;

 10) мемлекеттік қызмет туралы қолдаңыстағы заңнамаға және еңбек заңнамаға сәйкес кадрлармен жұмысты қадағалайды;

11) өз құзырет шегінде қызмет құжаттамаға қол қояды;

12) қызметшілерді іс-сапарға жібереді;

13) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;

14) Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басқарады.
 

   4. Мемлекеттік органның мүлкі

22. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамасына сәйкес көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

23. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

  

 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.




 


хат жіберу