Блог статистикасы
196
Жазбалар
2655
Өтініштер
124758
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Халыққа арналған ақпарат


Әкімшілік санкцияларды жеңілдету.

Діни саладағы құқықбұзушылық үшін қолданыстағы заңнамада айыппұл және қызметті тоқтату қарастырылған.

         Мемлекеттік-конфессионалдық қатынастарды жетілдіру шеңберінде діни саладағы құқықбұзушылық үшін қолданатын әкімшілік жазаны жеңілдету мақсатымен әкімшілік жазаның орнына ескертуді қолдану ұсынады.

Жалпы, ескерту қолануға ұсынылған баптардың саны – 9.

Анықтамалық: ескерту беру көзделген:

·     Діни рәсімдер, жиналыстар өткізу; қайрымдылық қыметін жүзеге асыру; діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, дінге қатысты заттарды әкелу, шығару, тарату; діни ғимараттарды салу; діни оқытуды ұйымдастыру тәртіптерін бұзу;

·     Қоғамдық жерлерде түрін тануға кедергі келтіретін киім кимеу талаптарын бұзу;

·     Діни бірлестікті құзыретті органның келісімін алмаған шет елдік діни орталықпен тағайындалған тұлғаның басқаруы;

·     Құдайға құлшылық, діни рәсімдер т.б. жасағанда кәмелетке толмағандарға қатысты талаптарды бұзу;

·     Діни ғимараттарда, діни бірлестіктердің жайында ішкі тәртіпті сақтау бойынша талаптарды бұзу;

·     Бюджеттік ұйымдар жұмысшылары діни бірлестіктер мүддесі бойынша қызметтік мүмкіндігін пайдалану талаптарын бұзу, сондай-ақ, басқа тұлғаларды діни бірлестіктер қызметіне қатысуға мәжбүрлеу;

·     Қоғамдық орындарда деструктивті діни ағымға қатысты екенін көрсететін киімді, сыртқы атрибуттарды пайдалану, тарату;

·     Діни бірлестіктердің мүшелерімен, басшыларымен осы қоғамдық, діни бірлестіктердің жарғысымен белгіленген міндет пен мақсаттан тыс әрекеттер жасау;

·     Діни бірлестіктердің мүшелерімен, басшыларымен немесе қоғамдық, діни бірлестіктермен заңнаманы бұзатын іс-қимылдар жасау.



Шетелдік діни орталықтың діни бірлестік басшысын тағайындау үшін өкілетті органмен келісу

Аталған ереже Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабы 5-тармағында бекітілген: «Шетелдік діни бірлестіктердің республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады».

Аталған норма салалық Заңның 19-бабында келесідей редакцияда бекітілген (құқық нормасы 2011 жылдан бастап әрекет етеді): «Уәкілетті органның келісуінсіз шетелдік діни орталық тағайындаған адамның діни бірлестікті басқаруы, сол сияқты діни бірлестік басшысының кәмелетке толмағанның ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде діни бірлестіктің қызметіне кәмелетке толмағандарды тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермейтін шаралар қолданбауы Қазақстан Республикасының азаматтарына – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Республиканың шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады».

Рим-Католик шіркеуінің діни бірлестік басшыларын тағайындауға қатысты мәселелер Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қазанындағы № 42-V «Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара қатынастар туралы» Заңында ескерілген.

«Әкімшілік құқықбұзушылықтару туралы» ҚР қолданыстағы Кодексінде шетелдік діни орталықтың өкілетті органның рұқсатынсыз діни бірлестікке басшылық жасау үшін адам тағайындауына жауапкершілік қарастыратын норма дұрыс мазмұндалмаған әрі екі әртүрлі нормаларды біріктірген соң, Министрлік тарапынан оны жетілдіру жұмыстары жасалды.

Сонымен бірге, әкімшілік заңдарды ізгілендіру аясында балама әкімшілік жазалау ретінде аталған норма бойынша ескерту енгізіледі.


Жобада аталған норма келесідей редакцияда мазмұндалған: «Уәкілетті органмен келіспей шетелдік діни орталық тағайындаған адамның діни бірлестікті басқаруы – Қазақстан Республикасының азаматтарына – ескерту жасауға не елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберіле отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады».

Діни бірлестіктер қызметін жеңілдететін нормаларды енгізу

Заң жобасы өңірлік діни бірлестіктерге тіркелу талаптарын жеңілдетеді.

Дін саласының қолданыстағы заңына сәйкес өңірлік діни бірлестіктерді мүшелерінің саны кем дегенде 250 адамнан тұратын елдің екі және одан да көп аймақтарында орналасқаны жергілікті діни бірлестіктер ғана құра алады.

Заң жобасы өңірлік діни бірлестікті құру үшін бір облыстың жергілікті бірлестік өкілдерінің жеткілікті болатынын қарастырады.

Аталған түзетулер елдегі діни берлестіктер тарапынан келіп түскен ұсыныстарға байланысты енгізіледі.

Анықтама үшін: қолданыстағы редакция: «өңірлік діни бірлестік деп Қазақстан Республикасының кем дегенде екі облысының, республикалық маңызы бар қалаларының және астанасының атынан өкілдік ететін, әрқайсысы кем дегенде екі жүз елу адамнан тұратын ҚР-ның кем дегенде екі және одан да көп жергілікті діни ұйымдардың қатысушысы (мүшесі) болып табылатын 500 азаматының бастамасымен құрылған діни бірлестік танылады».

Жаңа редакция: «Әрқайсысынан Қазақстан Республикасының кемінде екі жүз елу азаматы бар екі және одан көп жергілікті діни бірлестіктің қатысушылары (мүшелері) болып табылатын, Қазақстан Республикасының кемінде бес жүз азаматының бастамасы бойынша құрылған діни бірлестік өңірлік діни бірлестік деп танылады».




Мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлерінің дін саласындағы жүріс-тұрысын реттеу

ҚР Мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексінде мемлекеттік қызметкерлердің жүріс-тұрыс ережелеріне бірқатар талаптар қойылған. Бұл барлық мемлекеттерде бар қалыпты тәжірибе. Мемлекеттік қызметке алынатын азаматтар ерікті әрі саналы түрде ант пен белгілі бір шектеулерді қабылдайды.

Мысалға, мемлекеттік қызметкерлер, сонымен бірге жетекші лауазымға иелері, өздерінің діни сенімін ұжымға ашық білдіре алмайды, қол астындағы қызметкерлерін қоғамдық және діни берлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне араласуға міндеттеу құқығы жоқ; олар жалпыға бірдей моральдық-әдеп нормаларын әрдайым сақтауға, қоғамға қарсы әрекетке, соның ішінде қоғамда адамның намысы мен қоғамдық құндылыққа тіл тигізетін мас күйде болу жағдайларына жол бермеуге; сыпайылық танытуға, тиісті қызмет түрлерін алу кезінде жеке қызмет бабын білдірмеуге және пайдаланбауға; өзінің тарапынан қоғамдық құндылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қол сұғумен байланысты заң талаптарын бұзуға, басқа азаматтарды құқыққа және қоғамға қарсы әрекетке баруға мәжбүрлеуге тиіс емес.

Заң жобасында аталған талаптарды ішінара Заң деңгейіне жеткізетін норма ұсынылады. Бұл қызмет бабын діни бірлестіктер мүддесіне пайдалануға, өзге адамдарды діни қызметке араласуға мәжбүрлеуге тыйым салуға байланысты. Себебі теріс пайдалануға қолайлы жағдай туындауы мүмкін. Сонымен бірге мемлекеттік қызметкерге діни бірлестікті құрушы немесе діни бірлестіктің мүшесі болуға тыйым салынған.
«ҚР мемлекеттік қызмет туралы» Заңына тиісті норма енгізу ұсынылады.
(Мемлекеттік қызметкердің қызмет бабын және онымен байланысты мүмкіндіктерді діни бірлестіктердің мүддесіне пайдалануға; өзге адамдарды діни бірлестіктердің қызметіне араласуға мәжбүрлеуге; діни бірлестікті құрушы және діни бірлестіктің қатысушысы (мүшесі) болуға құқығы жоқ).
Сонымен бірге, шектеу сипатындағы нормаларды мемлекеттік бюджет және ҚР Ұлттық Банк бюджетінің қаражатынан қаржыланатын ұйымдардың қызметкерлеріне де тарату ұсынылады. Оларға қызмет бабын діни бірлестіктердің мүддесіне пайдалану мен өзге адамдарды діни бірлестіктердің қызметіне араласуға мәжбүрлеуге жол берілмеу талаптары қойылады.

Бұл бюджеттен жалақы алатын мекеме қызметкері мемлекеттік саясат мүддесіне сәйкес келмейтін әрекеттер жасамауға тиіс болғандықтан, қисынды шешім болып табылады.
(салалық Заңның 3-бабына «мемлекеттік бюджет пен ҚР Ұлттық Банк бюджетінің қаражатынан қаржыланатын ұйымдардың қызметкерлері қызмет бабын және онымен байланысты мүмкіндіктерді діни бірлестіктердің мүддесіне пайдалануға, сонымен бірге өзге адамдарды діни бірлестіктердің қызметіне, діни рәсімдерге және (немесе) дінді оқытуға қатысуға мәжбүрлеуге құқылы емес» деген норма енгізілген).
Осы норманы бұзғаны үшін «...жеке тұлғаларға ескерту немесе 10 АЕК түрінде айыппұл» (ҚР ӘҚБТК 490-бабының 11-бөлігі) әкімшілік жауапкершілігі қарастырылған.

Дегенмен, осы нормалар аталған санаттағы азаматтардың ар-ождан бостандығына құқығын шектемейді. Олар жұмыстан бос уақытта діни рәсімдерге, құдайға құлшылық етуге және басқа іс-шараларға барлығымен бірдей қатыса алады. Бұған қоса, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері сонымен бірге діни бірлестіктердің құрылтайшысы мен мүшесі болуға құқылы.




Шетелде діни білім алуға шара қолдану

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кадр мәселесін шешудегі шетелдік білім беру мекемелерінің үлес салмағы 7-8% құрайды. Діни қызметкерлердің басым бөлігі жоғары білімді отандық оқу орындарынан алған.

Қазіргі кезде мемлекетте 9 медресе (соның ішінде 5 медресе-колледж), жоғарғы білім беретін «Нұр Мүбарак» университеті жұмыс істейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін мемлекет «Нұр Мүбарак» университетінің «исламтану» мен «дінтану» мамандықтарына бөлетін гранттар санын көбейтуге ерекше назар аударады. Мысалы, 2017-2018 оқу жылында мемлекет тарапынан 2018 грант бөлінді.
       Бүгінгі таңда университетте 1180 адам, соның ішінде 1093 бакалавриатта, 62 магистратурада, 25 докторантурада оқиды. 2003 жылдан 2017 жылға дейін жоғары оқу орнын 1231 студент бітірсе, олардың 991 (80,5%) ҚМДБ жүйесіне жұмысқа алынды.
      Діни басқармадағы имамдардың кадрлық құрамы 3800 адамды құрайды. Олардың 19% жоғары білімді, 27% орта білімі бар, ал 54% сауаттылық арттыру курстарын бітірді.

Мақсаты – діни қызметкерлердің санасында Қазақстанның дәстүрлері мен мәдениетіне, руханилығына үйлесетін қасиеттерді қалыптастыру үшін олардың елде білім алуын қамтамасыз ету. Болашақта олар терең діни білім алу мен тіл үйрену үшін шетелдік оқу орындарында білім алуды жалғастыра алады.

Басқа конфессияларға келетін болсақ, республикада «Алматинская Православная Духовная семинария» білім беру мекемесі жұмыс істейді. Ол Қазақстанның Православие шіркеуінің жоғарғы діни оқу орны болып табылады.
       «Мария – Матерь Церкви» жоғарғы діни семинария – Орта Азиядағы жалғыз католиктік дін оқыту орны. Ол Қазақстанның барлық 4 епархиясында жұмыс істеу үшін дін қызметкерлерін дайындайды.
      «Межъепархиальная высшая духовная семинария» діни бірлестігі 1998 жылы 16 шілдеде құрылды.

Дегенмен, елде қызмет ететін діни бірлестіктер қажетіне қарай, халықаралық келісімшартты негізге ала отырып, жастарды жетекші ислам ЖОО-на оқуға жібере алады.

Сонымен бірге, жоғары білімді елде алған ізденушінің бакалавриатқа басқа теологиялық ЖОО-ға түсіп, білім алуына болады.
        Аталған норманы енгізу арқылы екі мәселенің басын ашып алуға мүмкіндік жасалады: біріншіден, отандық діни білім беру мектебі дамиды, екіншіден, халық дәстүріне жат және теріс пиғылды идеялардың елге ену жолдарына тосқауыл қойылады, себебі теріс діни ағымның арбауына ең алдымен шет елге ерте шыққан, әрі діни білімді сол жақтан алған жастар ілінеді.


ДДА сыртқы белгілерін ашып көрсету


Дінді деструктивтік мақсатта қолдануына, деструктивті идеологияны пайдалануға жол бермеу үшін заңнамада бұл мәселе кешенді түрде қаралды.

Заңнамада деструктивті діни ағымның сыртқы белгілерін пайдалануға және атрибуттарын ашық көрсетуге, ДДА идеологиясын тарату мен насихаттауға тыйым салынады. Деструктивті діни ағымға заңнама адамның құқығы мен бостандығына қауіп әкелетін, рухани мәдени, адамгершілік дәстүрді әлсірететін немесе бұзатын жат діни көзқарастар, идеялар деп баға береді.

Заңда сыртқы белгілері туралы нақтыланбаған – ол маңызды емес (заңнама мәтінінде сақал қою мен шалбар туралы айтылмаған).

ДДА сыртқы белгілерін құзыретті органның, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының бірлескен бұйрығымен, актілермен бекіту ұсынылады. Бұйрықты әзірлеу барысында белгілер діни бірлестіктермен, теологтармен, дінтанушылармен және сарапшылармен мұқият талқыланады. Қысқа шалбар, ұзын сақал және өзгеше әдет-ғұрпы, жүріс-тұрысы сияқты сыртқы белгілері ДДА қатысты екенін білдіреді. Бірақ та туристық мақсатта елге келген шетелдіктер, дін қызметшілері ДДА қолдаушыларына жатпайды. АҚДІМ басқа мүдделі органдармен бірлесіп, асыра сілтеу болмау үшін, құқыққорғау огандарымен семинарлар өткізеді.

Осы нормалар азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзбайтынын және олардың қауіпсіздік деңгейін арттыратынын атап өту маңызды.




Өрттерді болдырмау және табиғи газды тұрмыста пайдалану қауіпсіздігі бойынща бейнероликтер

Өрті болдырмау, өрттерде адам өлімі мен үлкен материалдық шығындарды болдырмау, табиғи газды пайдалану қауіпсіздігін сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша тұрғындарды кеңінен ақпараттандыру үшін бірқатар бейнероликтерді ұсынамыз. Бейнероликтерге сілтемелер:

https://youtu.be/zo6oHz4-dYg
https://youtu.be/Bibdg427sXk
https://youtu.be/Da1EaqJ3pnw
https://youtu.be/IaimTvhhdpw
https://youtu.be/SCJ0K6-N6Gw

«ҚАУЫРТ ЖЕЛІ»

114


азаматтар мен ұйымдардан діни салаға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат қабылдауға, сондай-ақ деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге кеңесшілік және психологиялық көмек көрсетуге арналған

Хабарласыңыздар, егер:

-  Сізді немесе Сіздің жақындарыңызды түсініксіз діни ойларды қабылдауға мәжбүрлеген болса;

-  Сізге көшелерде, кіреберістерде, пәтерлерде, көліктерде күдікті діни кітаптардың, журналдардың, кітапшалардың, парақшалардың таратылуы туралы белгілі болса;

-  Сізбен немесе Сіздің жақындарыңызбен діни тақырыпта күдікті үгіт жүргізгісі келсе;

-  Сізге немесе Сіздің жақындарыңызға діни жоралар мен іс-шараларға қатысуды ұсынған болса;

-  Сізді діни бағыттағы күдікті жиындар мазалаған болса;

-  Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз күдікті адамдардың не діни бағыттағы ұйымдардың ықпалына түскен болса;

-  Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз діни мәселелерге байланысты қиын жағдайларға ұшыраған болса;

-  Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз дін саласындағы мамандардың кеңесі мен көмегін қажет ететін болса.

Біз Сіздердің барлық сұрақтарыңызға

жауап береміз және көмек көрсетеміз!

Сіздер үшін заңгерлер, теологтар, дінтанушылар, психологтар

жұмыс істейді.

Кеңес беру тәулік бойы және дербес жүргізіледі.

Қоңыраулар Қазақстанның кез-келген нүктесінен тегін қабылданады.


Біреу үшін секта, біреу үшін туған үй


Атеизм мен Құдайға қарсы келулердің мыңжылдықтарынан соң біз қарама-қайшы жаққа бұрыла бастадық. Дін өмірдің маңызды бір бөлігіне айналды. Бүгін тіпті дінге сенбеудің өзі бір түрлі көрінеді. Әркім өз Құдайын іздейді және көбісі оны дәстүрлі діндерден емес, түрлі секталардан тауып жатады. Олардың басым бөлігінің түп-тамыры шетелден болғандықтан және шетелден қаржыландырылатындықтан, өз адепттерінің саналарына бөгде дәстүрлер мен құндылықтарды сіңіретіндігі таң қаларлық жағдай емес. Бұндай жағдайлардың негативті салдарын біз БАҚ-тың хабарламалары бойынша бағалай аламыз: қан ауыстырып құймау үшін діншіл анасы дәрігерлерден Индияда жасырған Қостанайлық Вика Сусаева қайтыс болды; қостанайлық діни қауымдастықтағы сексуалдық жанжал: «Источник жизни» діни ағымының белсендісінің 14 жасар мектеп оқушысымен байланысы, оңтүстік Қазақстандағы түрлі емші-бақсылардың белсенді қызметі. Өз денсаулықтары мен балаларының денсаулықтарын, ешқашан медицинаны зерттемеген айлакерлерге сеніп тапсыратын адамдардың жеңіл ойлауы таң қалдырады! Бұған дейін қазақстандық БАҚ жазған аса қорқынышты жағдайлардың бірі – АҚТҚ жұқтырған қызды одеколон инъекциясымен емдеу оқиғасы. Бұны айдаладағы егде әже емес, «ғарыштан ғажайып рецепт алған» жоғары білімді жас әйел жасаған! Атажолдықтар емшілік қасиеті бар деп сендірген әйелге бес жылдан бері психологиялық қолдау көрсетіп келеміз. Емшілік қасиетін дамыту және өз дерттерінен айығу үшін ол зират топырағын суға араластырып ішкен. Нәтижесінде қазіргі күні мүгедектіктің үшінші тобына жатқызылды және психиатрлардың емделуінде.

Секталардың басшыларының мақсаттары – билік пен ақша.

            Бұл мақсатқа жетер жолда тұлғалар рухани тұрғыда сынып, балалардың тағдырлары ойран болады, отбасылар бұзылады. Бұдан мемлекет те зардап шегеді, себебі ел азаматтары ішінде біреудің еркіне оңай бағынатын адамдар пайда болады.

Бірнеше жыл бұрын біздің психологтар дәстүрлі емес діни ұйымдардың келушілерімен жұмыс жасаудың әдістерін зерттеді. 9 ұйымға барды және әрқайсысынан сыни ойлауды төмендететін және сенгіштікті арттыратын тәсілдердің қолдануын тапты. Барлығында дерлік адам топқа қарсы келуге қысылатын жағдайға тірелетін топтық қысым қолданылады.

Бұл ерікті түрде құлдыққа түсудің бірінші қадамдары.

Іс адепттердің өзі көмекке жүгінбейтін жағдаймен күрделенеді, олар басқалары дұрыс өмір сүрмейді, құтқарылғылары келмейді, яғни Армагеддонда қайтыс болады, ал өздерінде бәрі жақсы деп санайды.

Өзіңізді және балаларыңызды тоталитарлық секталардың ықпалынан қорғау үшін сектаны дәстүрлі діннен қандай сипаттар бойынша ажыратуға болатындығын, сіздің жақын адамыңыздың күмәнді гурудың ықпалына түскендігін және оған сектадан шығу үшін қалай көмектесу керектігін түсінетін ақпаратты білу керек.

Бұнда да есірткіге тәуелділік жағдайы секілді мамандардың көмегінсіз болмайды және сіз неғұрлым ерте дабыл қақсаңыз, соғұрлым тұлға сақталады әрі тиісінше қалыпты өмірге оралту оңай болады.

Бүгінде жалпы Қазақстан бойынша деструктивті секталардан зардап шеккендерге көмек көрсететін 18 орталық жұмыс істейді.

Бұндай орталық Қостанайда да бар. Дін істері бойынша басқарманың қолдауымен «Қостанай облысы психологтарының қауымдастығы» ҚҚ-ның мамандары зардап шеккендерге психологиялық және заңдық көмек көрсетеді. 54-09-55 сенім телефоны және www.stop-sekta.kz веб-сайты жұмыс жасайды.

Осы жылы психологтар қауымдастығы Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Қарабалық ауданында ақпараттық-ағартушылық жұмысын жүргізді: __5_ кездесу өткізілді, оған Қарабалық, Сарыкөл, Белоглиновка, Михайловка ауылдарының___150___ тұрғыны қатысты.

Юлия Калюжная – жоба жетекшісі

Деструктивті ағымдар: ата-аналар нені білуі тиіс?

Адамдардың көпшілігіне басқалардың неліктен сектанттардың жетегіне еріп, күмәнді діни топтарға кіретіндері және не себепті онда ұзақ уақыт бойы қалатындығы түсініксіз. Шындығында оның жауабы өте оңай: сектанттар білгір психологтар және әлсіз тұсты тауып алады. Ересектердің өзі олардың ықпалына оңай беріліп жатқанда балалар туралы не айтуға болады?! Біз барлығымыз махаббат пен қолдау іздейміз. Бұл біздің балаларымызға да қажет. Өкінішке орай, олар оны отбасынан үнемі таба бермейді. Ата-аналар ақша табумен қолдары босамайды және жастарды белгілі бір сәттерде алаңдататын маңызды дүниетанымдық сұрақтарға кімнің жауап беретіндігі белгісіз. Мысалы, өмірдің және қиындықтардың мәнісі неде? Балалар неліктен өледі және ауырады? Неліктен өмірде әділетсіздік көп және өлімнен соң не болады? Кейде балаларға ата-аналары оларды түсінбейтіндей, сынға алатындай, жеткілікті дәрежеде жақсы көрмейтіндей, олардың жетістіктерін көп жағдайда бағаламайтындай немесе шектен тыс қамқорлыққа алып және бақылайтындай көрінеді. Адам алғаш рет діни қауымдастыққа кіргенде, оны қамқорлыққа алады, адам ол жерден рухани бауырларын табады. Ол біртіндеп қауымдастық ішінде оқшаулана бастайды, туыстық және әлеуметтік байланыстар үзіледі, қызығушылықтар, қарым-қатынас айналасы өзгереді. Сана-сезімде рухани отбасы қалыптасады, егер ата-аналар сектаның жиынына баруға кедергі келтірсе, туған отбасыға деген қарым-қатынас жағымсыз бола бастайды. Жасөспірімдердің жат ағымдардың жетегінде кетуінің басқа да себептері бар. Мысалы: жақын туыстардың өлімі, баянсыз махаббат, ауру-сырқаттар, өмірдің мәнін іздеу немесе жәй ғана қызығушылық. Бүгінде сектаға діншілдік мүлде болмаған жағдайда кіруге болады. Айла жасау технологиялары оқыту курстары арқылы жасырынады (біліктілікті арттыру, бизнес-тренингтер, тұлғалық өсу және психологиялық даму тренингтері, шетел тілдерін үйрену, музыкалық аспаптарда ойнауды үйрету) сауықтыру қызметтері (йога, медитация, қасиетті орындарға саяхат жасау, емдеу сеанстары), мәдени іс-шаралар (тақырыптық дискотекалар, жастарға арналған лагерьлер, қайырымдылық акциялары).

Егер балаңызда келесідей ерекшеліктер байқалса назар аударыңыз:

1.     Қызығушылықтар өзгерді. Ол отбасылық ізтерге аз қызығушылық танытады, достарымен тілдесуге немқұрайлы бола бастады.

2.     Мінез-құлқы өзгерді. Адам күнделікті, үйреншікті істерге ашумен жауап қайтарады.

3.     Сөйлеу мәнері өзгерді. Оның оған тән емес жаңа тіркестерді, сөздерді, терминдерді қолдануын байқауыңыз мүмкін. Бірдеңені дәлелдеп жатып, жиі діни мәтіндерді пайдаланады.

4.     Әдеттер өзгерді. Тамақтану тәртібінің ерекше түрін ұстанады, киіну стилін өзгертті. Кітап оқуға, сайттарды қарауға көп уақыт бөледі, сонымен қатар, медитациямен немесе құлшылық ету мәтіндерін оқумен айналысады.

5.     Ақша жұмсау тәсілдері өзгерді. Сатып алулар жасамаса да, ақшаларды жұмсау деңгейі ұлғая бастайды.

Егер бала сектаға кірсе не істеу қажет?

Адамды сектадан жақын адамдардың көмегінсіз алып шығу мүмкін емес деуге болады. Ата-аналарға жоғалған эмоционалдық байланысты қайта орнату қажет: позитивті тілдесу, жанында болу, бірақ қатаң түрде қадағалауды болдырмаған жөн. Оны сектаға алып келген себептерді бірге түсіну және жою қажет. Оны сыпайы түрде, үлкен сабырмен және табандылықпен істеу шарт. Оның сүйікті тағамдарын әзірлеу, онымен ортақ өткен шақ туралы әңгімелесу, бірге фотосуреттер, оның бұрын жақсы көрген балалық шақтағы фильмдерін қарау, бұрын оның айналысқан істерін еске түсіру қажет. Егер бала бізге сектадағы адамгершілік туралы әңгімелесе және өзінің жаңа дінін ұсынса оны сынамаңыз. Бала өз бөлмесінде оңашаланып медитация жасаса, оған бірге серуендеуді, табиғат аясында демалуды, қуаныш сыйлайтын істер жасауды ұсыныңыз. Кішкентай қадамдар жасау арқылы оны шынайы өмірге оралтуға тырысыңыз. Егер оның күлкісін, биязы болуға талпынысын, жағымды қылығын байқасаңыз, оны оған айтыңыз. Оның сіз үшін бағалы екендігін түсіндіруге тырысыңыз, «секта» сөзін қолданбаңыз. Секта мәселелері бойынша психологтармен серіктестік орнатыңыз, олар сізге балаңызды түсінуге көмектеседі және өз балаңыз үшін күресте сізге бағыт беріп отырады. Ешқашан үмітіңізді жоғалтпаңыз.

Бала сектаға, қылмыстық компанияға немесе есірткі қолданушылар ортасына кіріп кетпеуі үшін не істеу керек?

1.           Балалармен жиі тілдесіңіз, оларды проблемаларымен оңаша қалдырмаңыз.

2.           Егер бала тұйық болып кетсе, онымен сөйлесіңіз, оны не алаңдататынын біліңіз, егер оның жаңа достары пайда болғанын және оның отбасы мен жақындарға деген жеккөрушілік сезімін туғызатын қандай да бір «уағыздарға», секцияларға баратындығын білсеңіз, демалыс алыңыз да баламен бірге оның жаңа достарынан алшақ кетіңіз.

3.           Егер баламен сөйлесе алмасаңыз білікті психологқа көмекке жүгініңіз.    

4.           Егер кешігіп қалсаңыз және балаңыз «зомбиді» еске салса, психотерапевтке жүгініңіз.

5.           Балаңызға оның кез-келген серттерді бере беруіне болатындығын, бірақ егер ол онымен бөлісер болса, ол оны бұзу болып саналмайтындығын және сіз оған уақытылы көмекке келе алатындығыңызды айтыңыз.

6.           Бала үнемі өз қорқыныштарының тұтқынында қалады және олардан өтуге тек сіз ғана көмектесе аласыз.

7.           Бірақ оның қорқыныштарына күле қараудың керегі жоқ, бұл арқылы сіз жұмысыңызды қиындатасыз. Өз балаларыңызбен қарым-қатынаста елгезек болыңыз.

Егер сіз осы сипаттардың кем дегенде біреуін байқасаңыз, мамандарға жүгінуге себеп бар. Білікті көмекті сіз Қостанай облысы психологтарының қауымдастығы жанындағы деструктивті ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығынан ала аласыз (телефоны: 54 09 55) немесе www.stop-sekta.kz сайтына кіріңіз.

Шошқаның африка обасы - токсикоз, дененің қызынуы, лимфоидтық ағзалардың өліеттеніп, әртүрлі ағзалардың қанталауы арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін, үнемі дерлік өліммен аяқталатын аса жұғымтал ауру.

Этиологиясы. Қоздырушысы - African swinefeverirus - құрамында ДНҚ бар Iridoviridae тұқымдастығына жататын вирус. Вирионды иксаэдр пішінді, торшаның цитоплазмасында орналасады. Репродукциясы макрофагтарда өтеді де, ең жоғарғы шоғырлануды эритроциттерде байқалады. Сыртқы ортада аса төзімді, шошқа қорасында 3, топырақта - 4, өлекседе - 2,5 ай сақталады, бұлшық етте, сүрленген шошқа етінде 6 айға дейін тіршілігін жоймайды.

Патогенез. Африкалық обамен тек қана шошқа ауырады. Әсіресе, үй шошқасы және еуропалық жабайы қабан өте сезімтал, ал африкалық жабайы шошқалар біршама төзімді келеді де, ауру оларда жасырын симптомсыз өтіп, денесіндегі вирусты тек қана үй шошқасына биосынама қойып айқындауға болады. Ауру қоздырушысының бастауы - ауру және ауырып жазылған шошқалар. Соңғылары 2 жыл одан артық уақыт вирус алып жүреді. Шошқаның денесінен вирус барлық секреттер мен экскреттер арқылы бөлінеді. Сыртқы ортадағы заттар: құрал-жабдықтар, көлік, жем, су, көң, топырақ, т.б. аурудың жұғу факторы болады. Вирус денеге негізінен алиментарлық жолмен, сонымен қатар, ауамен, зақымданған тері арқылы және денесінде вирус бар кене шаққанда жұғады. Ең қауіпті берілу факторына ауырған шошқаны сойғанда алынған өнімдер, тағам қалдықтары жатады. Адам және бұл ауруға бейім емес жануарлар, құстар, кемірушілер және жәндіктер вирустың механикалық тасымалдаушылары болуы мүмкін. Африка обасы кең тараған аймақтарда вирустың қорламасы және тасымалдаушысы 10-12 жыл шамасы өмір сүретін аргас кенелері болып табылады.

Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 2-22 күн. Аса жіті, жіті, жітіден төмен және созылмалы өтеді. Аса жіті өткенде, дененің ыстығы кенеттен 40,5-42,5°С-қа көтеріледі. Жануар ентігіп, жөтеледі, жемге қарамайды, шөлдейді. 1-2 күн өткенде ыстығы төмендейді. Артқы аяқтары салдана бастайды. Ыстығы басылғаннан соң 2-3 күн өткенде аурыған шошқа өледі. Жіті өткенде дененің ыстығы үнемі жоғары болып, тек өлерден 2-3 сағат бұрын 37-35°С-қа төмендейді. Ауырған шошқаның танауы мен көзінен қоймалжың сора ағып, кейде танауынан қан кетеді. Өкпенің қабынған белгілері байқалады. Терісі, әсіресе, құлақта талпақ танауында, кеудесінде, төсінде, құрсақ тұсында, құйрығында көкшіл түске енеді. Аурудың соңғы кезеңінде бұл жерлері қанталайды. Өлерінен 1-2 күн бұрын кей жануарларда менингоэнцефалит белгілері байқалады. Буаз мегежіндер іш тастайды. Ауру 4-10 күнге созылып, өліеммен аяқталады. Жітіден төмен өткенде, 15-25 күнге созылады да, көбінесе өліммен тынады. Тірі қалған жануарларда ауру созылмалы түрге ауысады да, 2 айдан 1 жылға дейінгі уақыт аралығында бронхопневманияға тән белгілерімен әбден арықтап барып өледі.

Диагностикасы. Диагностика эпизоотиялық, клиникалық, патологиялық, зертханалық зерттеулермен негізделген. Шошқалардың африкандық обасын классикалық шошқа обасынан дифференциялау керек. Диагностиканың ең сенімді әдісі - ПЦР диагностика, гемадсорбция реакциясы, классикалық обаға иммундық шошқаларға өткізілетін флуоресцентті антидене техникасы. ШАОның жоғары вируленттік нысанының диагнозын қою оңай, себебі шошқа арасында өлім 100% жетуі мүмкін. Ол шошқа қызбасы белгіленген кезде күдіктену керек, және қатты үлкейген көкбауыр, қара дейін қараңғы қызыл; геморрагиялық асқазан-бауыр лимфа түйіндерінің күшті арттыру; айтарлықтай геморрагиялық бүйрек лимфа түйіндері ұлғаюын ашу әдісінде табылуы тиіс.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлексенің сіресуі тез арада басталады. Геморрогиялық диатез және лимфоидты ағзалардың зақымдану белгілері байқалады. Ауыздың, қынаптың, артқы тесік пен конъюнктиваның кілегейлі қабықтары көкшілденіп, қанталайды. Артқы тесік пен мұрыннан қан немесе қан аралас сұйық ағады. Теріде көптеген қанталаулар болады. Сөл түйіндері ұлғайып, қанталап, оларда ұйыған қан немесе гемотома кездеседі. Көкірек және құрсақ қуыстарында фибрин, кейде қан аралас серозды геморрагиялық экссудат болады. Көк бауыр қара қошқылданып, шектен тыс ұлғаяды, басқа ішкі ағзалар да ұлғайып, ісінеді, көптеген қанталаулар кездеседі. Өкпенің домбығуы байқалады. Тері астындағы шелдің, құрсақ қуысындағы ағзалардың, шажырқайдың қан тамырлары ұйымаған қанға толы болады. Бүйректер қанға толы, бауыр мен өттің қабы ұлғайған. Ағзаларда дистрофиялық және өліеттену құбылыстары байқалады.

Дауалау және күресу шаралары. Африка обасынан жазылған шошқада ауруға қарсы әдетте айтарлықтай иммунитет қалыптаспайды. Ауруға қарсы қолданылатын сенімді вакцина жоқ. Тірі вакцина егілген жануарларда аурудың созылмалы өтіп, ұзақ уақыт вирус алып жүруге жағдай жасайды. Жұқтырылған жағдайда науқас шошқаны қансыз әдіспен жойылады, сондай-ақ барлық шошқаларды одан 20 км радиуста ұстанады. Науқастар мен ауру жануарлармен байланыста тұратын жануарлар союға кейін мәйіттерді жағуға жатады.

Ветеринариялық құжаттар бар болған кезде ғана мамандандырылған шошқа шаруашылықтарында шошқа сатып алуы - осы аурудың алдын алуы болып табылады. Шошқаға пісірілмеген тамақ қалдықтарын және мал сою жануарлар өнімдерін бермеу. Облыстан құжаттары жоқ жануарларды шығармаңыз. Шошқаны еркін ұстауды жою. Кене, бүргеден қарсы үй жануарларын емдеу және үй-жайлардың дезинфекциясын өткізу. Шошқаның союын сертификатталған сою жайларда жүзеге асырылу.



Бруцеллёз - лат. Brucellosis бұл ауру осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден болады. Ол сондай-ақ терідегі жырындылар мен жаралар арқылы организмге тарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі.

Бруцеллез-бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін , клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т.б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру. Бұл микробты алғашқы рет 1886 жылда ағылшын ғалым Дэвид Брюс тапқан. Оның құрметіне бұл микробты Brucella деп, ал олар туындаған ауруды бруцеллез деп атаған.

Этиологиясы. Brucella шар тәрізді, грам «-», эндотоксин бөліп шығарады, S-форма түзеді, сыртқы ортаға кең төзімді. Адамға қауіпті 3 түр кездеседі: Br.melitensis-ұсақ мал бруцеллезінің қоздырғышы, Br.abertus- ірі мал бруцеллезінің қоздырғышы, Br.suis-шошқалар бруцеллезінің қоздырғышы.

Эпидемиологиясы. Барлық жерде кең таралған. Инфекция көзі: ұсақ мүйізді, ірі қара мал, шошқалар, маралдар және адамдар. Таралу механизмі: фекальды-оральды. Берілу жолдары: қатынас арқылы (зақымдалған тері), алиментарлық, ауа-шаң (аэрогенді). Көбінесе малшылар, шопандар, ауыл тұрғындары ауырады.

Патогенезі. Бруцеллалар ағзаға тері немесе шырышты қабаттар арқылы енеді, сосын макрофактормен ұсталып, сол жерде көбейеді де, лимфа ағынымен регионарлық лимфа түйіндеріне енеді. Содан соң қан тамырлар арқылы бүкіл ағзаға жайылады. Патогенезінде инфекцияның дамуы бес фазадан өтеді:

- лимфогенді фаза;

- гематогенді фаза;

- көп ошақты себу жайылу фазасы;

- экзоошақты себу фазасы;

- метоморфоз фазасы.

Әр фазаның көрінуі және олардың дамуы организмнің индивидуальды ерекшелігіне байланысты, кіру жеріне, түріне қоздырғыш дозасына және зақымдану шартына байланысты. Бруцеллез ауруы өтуіне бруцелланың түрі де қатты әсер етеді. Бруцеллездің ең ауыр түрі - melitensis, қалғандары жеңіл нысанын тудырады.

Клиникасы. Инкубациялық кезең 1-2 апта өтеді. Ол ыстық көтеріліп, қалтырап дірілдеуден басталуы мүмкін, бірақ әдетте бірте-бірте, тез шаршау, әлсіздіқ асқа тәбеттің болмауы, бастың асқазанның буындардың ауыруы формасында өрбиді. Ыстықтың көтерілуі жеңіл және ауыр формада болуы мүмкін. Түстен кейін қалтырап-дірілдеу және ертеңгісін малшынып терлеп қалу бұл ауруға тән белгі. Созылмалы бруцеллёзде ыстық бірнеше күн басылады да сосын қайта көтеріледі. Тиісті ем қолданбаса, бірнеше жылға созылуы мүмкін. Мойында, қолтықтың астында, шапта ісінген лимфа түйіндері пайда болуы мүмкін. Клиникалық симптомдары орташа алғанда 2-3 апта өтуімен сипатталады.

Диагностикасы. Зертханалық диагностика. Бактериологиялық: гемакультура жұлын сұйықтығы, синовиальды сұйықтықты қолдану; биологиялық (теңіз шошқаларын зақымдау), иммунды ферментті анализді антиген, антидене табу үшін агрегатгемаглютинация әдісі (АГАР); серологиялық әдіс: комплемент байланыстыру реакциясы (КБР); аллергиялық әдіс (ГЗТ)-Бюрне сынамасы. Болжамы. Бруцеллез сирек өлім себебі болып табылады. Антибиотиктер пайда болғанына дейін де өлім-жітім 2%-тен аспаған және негізінен эндокардитпен байланысты болаған. Алайда, бруцеллез жиі мүгедектікке аяқталады. Қалдық ақаулардың ауырлығы патогендің түріне байланысты. Жұлынның залалы, параплегия, неврологиялық бұзылыстар - мүгедектік себептерінің бірі.

Емдеу жолдары.

-         этиотропты: рифампицин, доксициклин, тетрациклин;

-         қабылдауға қарсы: вольтарен, напроксен;

-         дезинтокциялық: тек ауыр түрінде – антигистаминді;

-         иммунды жүйені қалыптастыру: левамизол, тимамен;

-         витаминтерапия;

-         физио және симптомдық;

-         санаторлы-курортық.

Бруцеллёзден сезіктенсеңіз дәрігерден кеңес алыңыз, өйткені көп жағдайда бұл аурумен басқа ауруларды шатастырады, ал емдеу үшін көп уақыт та, қаржы да шығын болады.

Тетрациклинмен емдеңіз: ересектер: 250 миллиграмдық капсулды күніне 4 рет екі түйірден үш апта ішу керек. Сақтану шараларын орындаңыз. Немесе котримоксазол ішіңіз.

Алдын алу:

-         қайнатылған немесе пастерленген сүтті ішіңіз. Бруцеллёз тараған жерлерде қайнатыпмаған сүттен дайындалған ірімшікті жеуден тартынған жөн;

-         ауру малдарды бағып-күткен кезде аса сақ бопыңыз, әсіресе сіздің денеңізде жы-рылған немесе тілінген жер болса;

-         ветеринария қызметкерлерімен кеңесіңіз, қолыңыздағы малдың денсаулығын қадағалап отырыңыз.

-         бруцеллезді сезіктенсеңіз 87144131179 телефоны арқылы «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» ММ-не хабарлаңыз!

Жоғары патогенді құс тұмауы

Grippus avium - жұқпалы вирустық ауру, құстардың асқорыту, тыныс алу органдарының зақымдануымен, жоғары өліммен сипатталады. Құс тұмауы вирусының түрлі штамдары жағдайлардын арасында 10-нан 100% өлімін тудыруы мүмкін және құстардың бір - үш түрлерін бір мезгілде соға алады. Қоздырғыштың тасымалдаушылары жабайы құстар болып табылады , әдетте жабайы үйрек . Жабайы популяцияның үйдегі құстармен айырмашылығы, тұмау вирусының жоғары төзімділігі болып саналады.

Құс тұмауының құстардың арасында өтуі және белгілері:

Инкубациялық кезеңі 2 күн 20-30 сағат. Ауру жұмыртқа өндірістің құлдырауы, жемшөп тұтынуды, шөлдеу, қаскөйлікпен көрінеді. Науқаста өлеріне аз уақыт қалғанда сырғаның цианозы басталады. Құстар бастарын төмен түсіріп және көздерін жабып тұрады. Тыныс өрескел, дене температурасы 43-44°С-қа жетеді. Қоқыс қоңыр және жасыл түске боялған, ретінде диарея, невроз кездеседі .

Адамдардың құс тұмауының клиникалық көріністері:

Инкубациялық кезең 2-3 күн болып табылады. Жедел басталуы: 38 ° C, қызба, миалгия. Катаральді синдром әлсіз болып табылады, дегенмен, бұл жұлдыру ауыруы мүмкін, суық болуы мүмкін. Науқастардың 50% -де - сулы диарея дамиды. 2-3 күнде бірге төменгі тыныс синдромы дамиды: пневмония, респираторлық дистресс синдромы (ЖТЖ, бронхиолит). Жөтел құрғақ, қақырық қан қоспалы, өкпе ылғалды және құрғақ сырылдар, қытырлақ хрипы, аудандары тахипноэ, қан қысымы төмендеуі болуы мүмкін.

«Құс тұмауының» алдын ала диагнозын келесі тізімнің негізінде қойылады:

1. Жоғары қызба.
2. Жөтел, ентігу.
3. Конъюнктивиттің болмауы, бөртпе.
4. Облысында H5N1 тұмауы бұрқ болуы.
5. 7 күн ауру пациентпен байланыс.

1316971899_ptichi-gripp-kurica 1316971899_ptichi-gripp-kuricaҚұс тұмауын емдеу:

1) Қауіпсіздік шаралар: құс тұмауына күдікті барлық науқастарды ауруханаға жатқызу. Стационардан тек температурасы 7 күннің ішінде қалыпқа келген науқастарды ғана жазуға болады.
2) Нақты емдеу вирусқа қарсы кең ауқымды препараттар қамтиды: озельтамивир немесе тамифлю, занамивир немесе реленза, арбидол, альгирем.
3) Симптоматикалық емдеу: жоғары қызбаны түсіру үшін пайдаланылатын есірткілер - парацетамол, найз, ибупрофен. Олардың вирусқа қарсы терапияны күшейтетін әсері бар.

Жеке қорғану шаралары.

Құс тұмауына қарсы жеке қорғау үшін ұсынымдар:

·        Балаларға жабайы құстар немесе ауру құстармен ойнауға рұқсат етпеңіз.

·        Өлі немесе ауру құстарға тимеңіз және жеуге пайдаланбаңыз.

·        Егер сіз өлі құстардың мәйіттерін тапсаңыз мүмкіндігінше оның жерлеуін қажет, басқа адамдарға оған қол жеткізуді шектеу және маска немесе респираторлар, қолғаптар қолыңыз, ауыз және мұрыныңызды қорғау үшін қажет. Жұмысты аяқтағаннан кейін, сабынды сумен қолыңызды жуып және киіміңізді өзгертіңіз.

·        Құстардың шикі немесе нашар дайындалған етін немесе жұмыртқасын жеуге болмайды.

·        Құстардың еті немесе жұмыртқасы тоңазытқышта басқа тамақтан алыс сақталуы тиіс.

·        Егер сіз ауыру құс тапсаңыз жедел жергілікті ветеринарлық дәрігерге хабарлауға қажет (КМК «Қарабалық ауданы әкімдігінің малдәрігерлік станциясы» - 87144131565 телефоны арқылы байланысыңыз).

·        Құстармен байланысқаннан кейін кез келген өткір респираторлық (тұмауға ұқсас) ауруы пайда болса, дереу дәрігерге қаралыңыз.

·        Жоғары патогенді құс тұмауын сезіктенсеңіз 87144131179 телефоны арқылы «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» ММ-не хабарлаңыз!

хат жіберу