Официальный Интернет-ресурс Акимата Карабалыкского района
Блог статистикасы
178
Blog
2410
Апелляциялық
93555
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
  • «Қостанай облысының өңірлік брендін» анықтау жөніндегі байқауды

«Қостанай облысының өңірлік брендін» анықтау жөніндегі байқауды

«Қостанай облысының өңірлік брендін»

анықтау жөніндегі байқаудың

ЕРЕЖЕСІ

І.Жалпы ережелер

         Осы Ереже «Қостанай облысының өңірлік брендін» анықтау жөніндегі байқаудың тәртібі мен шарттарын анықтайды (бұдан әрі – Байқау).

         Байқаудың құрылтайшысы «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ болып табылады (бұдан әрі – Құрылтайшы).

         Ұйымдастырушы – «Келешек 2050» ҚҚ (бұдан әрі – Ұйымдастырушы).

1.Байқаудың мақсаты мен міндеттері

         1.1Байқаудың мақсаты: Қостанай облысының өңірлік брендін қалыптастыру бойынша үздік ұсынысты құру және ашық байқау жолымен анықтау.

         Өз жұмысында Байқауға қатысушылар, бренд Қостанай облысын келесі бейнеде айқындайтынын ескерулері тиіс:

         Қостанай облысы - бұл тарихы мен мәдениеті өте бай өңір. Мұнда, өзіндік ерекшелігін сақтап, көптеген этностар мен діни конфессиялардың өкілдері тұрады. Облыс Тәуелсіз Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, ол қостанайлықтардың мәдени келбетінің бірегейлігін түсіндіреді. Өңір қоғамдық тұрақтылық пен келісімнің жоғары денгейіде болып келеді. Мұнда адам ұлты мен діни қатыстылығына қарамастан өзін қауіпсіз сезінеді. Қостанайлықтардың басты құндылықтары – қонақжайлық, толеранттық, үлкенге құрмет, берік отбасылық дәстүрлер, достық және ашықтық.

         Қостанай облысы республикада аумақ бойынша ең үлкен облыстардың бірі және бірегей табиғи түрлілігімен, жоғары туристік әлеуетімен байқалады. Қостанайлық ауыл шаруашылық өнімдері жоғары және экологиялық сапасымен ерекшелінеді және Қазақстанның өзінде ғана емес, достас елдер мен шетелдерде де сұранысқа ие.

         Облыста экономика серпінді дамып келеді, бизнесті жүргізу үшін және шетелдік инвесторларға қолайлы жағдайлар жасалады. Қазақстанның әріптесі Россиямен шекарада қолайлы орналасуының арқасында, Қостанайдың көлік тамырлары ірі әлемдік нарықтарды байланыстырады. Өңір ғылыми- техникалық прогресстің алдыңғы қатарлы жетістіктерін жасап және тарта отырып, жаңа өндірістер ашып, инновациялық экономиканы дамытып келеді.

         1.2 Байқаудың басты міндеттері:

- Қостанай облысының Қазақстанда және шетелдерде имидждік тартымдылығы мен танымалдылығын арттыру;

- Қостанай облысы халқының патриоттық сезімін нығайту;

- танымал өңірлік тауарлар мен қызметтердің, туристік нысандардың ақпараттық сүйемелдеуіне жәрдемдесу, инвестицияны тарту.

Байқаудың жұмыс органы

Байқаудың ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін Байқаудың Ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).

Байқаудың жеңімпазын (-дарын) Сараптамалық кеңес анықтайды.

2.1Ұйымдастыру комитеті Құрылтайшы мен Ұйымдастырушының өкілдерінен құрылады.

Ұйымдастыру комитетінің айрықша құзыреті мен міндеттері Байқаудың ұйымдастыруын жалпы бақылау, Сараптамалық кеңестің жұмысына қолдау көрсету, жеңімпазды (- дарды) таңдаудың форматын және мезгілін анықтау, Байқаудың қорытындысын жасаудың салтанатты рәсімін, БАҚ-та Байқаудың ақпараттық сүйемелденуін өткізу.

2.2 Ұйымдастырушы Ұйымдастыру комитетінің жұмысын үйлестіріп, құжат айналымын жүргізеді, коммуникациялық міндеттерді орындайды және тәжірибелік басқаруды жүзеге асырады, Байқауды өткізу барысындағы барлық іс-шараларды дайындау және өткізу бойынша қызметті үйлестіреді.

Ұйымдастырушының айрықша құзыретіне жатады:

1)    ұйымдастыру комитетінің қызметін жалпы қамтамасыз ету;

2)    Байқау аясында техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық және басқа да мәселелерді шешу;

3)    Ұйымдастыру комитетінің атынан үшінші тараптармен ынтымақтастық туралы шартын жасау;

4)    Сараптамалық кеңестің жұмысын ұйымдастыру;

5)    бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылда болу;

6)    Байқаудың ақпараттық базасын және мұрағатын қалыптастыру;

7) Байқаудың әріптестерін тару.

2.3 Сараптамалық кеңестің құрамына жұмыстардың кәсіби, объективті және тәуелсіз бағалауын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технология, маркетинг, РR және ортақ салалардағы атаулы сарапшылар, сондай-ақ қоғам өкілдері кіреді. Сараптамалық кеңестің 9 адамдан тұратын құрамы ұйымдастыру комитеті отырысының бірлескен хаттамасымен бекітіледі.

Сараптамалық кеңестің айрықша құзыретіне онлайн-дауыс берудің қорытындысы бойынша анықталған жұмыстардың қатарынан Байқаудың үздік жұмысын дауыс беру кезеңінде таңдау жатады. Ұсынылған жұмыстардың   көрсетілген талаптарға толық сәйкес келмеу жағдайында, Сараптамалық кеңес екі немесе одан артық жеңімпазды таңдауға, сондай-ақ олардың жұмыстарын бірыңғай брендті қалыптастыру мақсатында пайдалану құқығын өзіне қалдырады.

Байқаудың кезеңдері:

БАЙҚАУДЫ ЖАРИЯЛАУ (құлағдар ету)

Өтініштер 14 наурыздан бастап 14 сәуірге дейін қабылданады

БАЙҚАУДЫҢ 1 КЕЗЕНІ

Интернет арқылы дауыс беру 15 сәуірден бастап 30 сәуірге дейін

БАЙҚАУДЫҢ 2 КЕЗЕНІ

Үміткерлердің жұмысын таныстыру 1 мамырдан бастап 20 мамырға дейін

Байқаудың жеңімпазын жариялау

II. Байқаудың жұмыстарына қойылатын талаптар

Байқауға азаматтық тиесілігіне қарамай жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Қостанай облысының Өңірлік брендын анықтау бойынша Байқауға қатысу үшін міндетті түрде ұсыну қажет:

1. Логотип – графикалық белгі ( эмблема/рәміз), қалың көпшіліктің арасында облыстың танымалдығын арттыруға қолданылады. Ол брендтің атына толық сай келетін стильді әріптерден немесе сөзден тұруы қажет. Логотип jpeg, png, giff, 1000x1000 px форматтарында ұсынылуы тиіс. Логотип жобасы толық түсте немесе монохромды форматта ұсынылуы тиіс.

2. Сөз тіркесі – қусыру арқылы хабарламаны жеткізетін бейнелі қанатты сөздер, туристік және инвестициялық тартымдылықты ынталандыру үшін, жарнамалы коммуникацияның барлық түрлерінде нақты аудиторияның назарын аудару үшін қолданылады. Беріліп отырған сөз тіркесі жеңіл оқылуы, ерекше болуы, мүдделікті көрсетуі және мемлекеттік, орысша және ағылшын тілдерінде ұсынылуы қажет.

3. Қостанай облысы өңірлік брендінің тұжырымдамасы мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленіп және қолмен толтырылуы мүмкін. Түрлі имидждік өнімдерге (қаламдар, брелоктар, төс белгілер,футболкалар, бейсболкалар және басқада), сондай-ақ баспа және электрондық БАҚ-тағы билбордтардың, жарнамалық модульдердің, веб-сайттың баннерлерінің, кітапшалардың, парақшалардың және басқа өнімдерге келтіру нұсқасын енгізген бренд-бук форматында берілген тұжырымдама аса қолдау табады. Сонымен қатар тұжырымдамада жұмыстың орталық идеясын сипаттау, ұсынылған сөз тіркесі мен логотиптерде басты мәселелерге түсініктеме беру міндетті.

Байқауға қатысушы қосымша бренд-букқа қосу үшін басқа да әзірлемелерді ұсынуы мүмкін.

III. Дауыс беру және Байқаудың жеңімпазын (-дарын) анықтау тәртібі.

1. Дауыс беру тәртібі

1.1. Байқауды өткізу және оның қорытындысын шығару туралы ақпарат БАҚ-та және Байқаудың ресми Интернет-ресурсында - ІСБ (Ішкі саясат басқармасы) ресми сайтының арнайы бөлімінде жарияланады (бұдан әрі – Ресми сайт).

1.2. Байқауға өтініштерді жинау электронды түрде өзін-өзі ұсыну форматында Ресми сайтта өтініш үлгісіне сәйкес жүзеге асырылады.

1.3. Байқаудың қатысушылары электрондық пошта арқылы өтініштің қабылданғаны туралы хабардар етіледі.

1.4. Байқауға қатысушылардан қабылданған барлық өтініштер Ресми сайтта жарияланады.

1.5. Бұрын қолданыста болған және жарияланған брендтер, логотиптер, сөз тіркестері, патенттелінген белгілер байқауға жіберілмейді.

2. Бірінші кезең: Интернет -қолданушылардың дауыс беруі

2.1. Ұйымдастырушы барлық тілек білдірген интернет-қолданушыларға Байқау үміткерлерінің ұнаған жұмыстарына онлайн дауыс беруге мүмкіндік ашады.

2.2. Интернет желісін қолданушылардың дауысы жарияланған өтініштер бойынша 15 (он бес) күнтізбелік күн аралығында жүзеге асырылады. Дауыс беру уақыты өткеннен кейінгі берілген дауыстар, саналмайды.

2.3. Дауыс беру Ресми сайтта жүргізіледі.

2.4. Дауыс берудің қорытындысы бойынша, Ресми сайтта ең көп дауыс жинаған 20-дан (жиырмадан) кем емес үміткерлердің жұмысы анықталады.

2.5. Үміткерлер жұмыстарының авторлары Байқаудың құрылтайшысымен атауын, сөз тіркесін, эмблема логотипін ортақ үлгі ретінде, сондай-ақ байқауға ұсынылған барлық көрнекі графикалық шешімдер, сонымен қатар Байқаудың жеңімпазы деп саналған жағдайда, көпшілікке ұсынуға, көбейту және брендтің , логотиптің және сөз тіркесінің атын пайдалануға айрықша құқығын беру туралы шарт жасасады.

3. Екінші кезең: Сараптамалық кеңестің жұмысы және жеңімпазды (-дарды) анықтау.

3.1. Екінші турға өткен үміткерлердің жұмыстары, Ұйымдастыру комитеті белгіленген мерзімде және орында Сараптамалық кеңестің алдында авторлармен ұсынылатын болады.

3.2. Байқаудың үміткерлері жұмыстарының тұсаукесерлері, Ұйымдастыру комитеті белгілеген бұқаралық ақпарат құралдарында таратылуы мүмкін.

3.3. Сараптамалық кеңестің әрбір мүшесі жұмыстарға 0 мен 10 балл шкаласы бойынша баға береді. Баллдар төменде көрсетілген әр параметр бойынша қойылады.

№ реті

ЖҰМЫСТАРДЫ АЙҚЫНДАУ ПАРАМЕТРІ

БАЛЛДАР

1.

Идеяның ерекшелігі мен жаңалығы

2.

Қабылдау және есте сақтау жеңілдігі

3.

Елдердің ерекшеліктерін көрсету (мәдениет, салт-дәстүр, туризм, индустрия, құндылықтар)

4.

Көркемдік бейненің тұтастығы

5.

Орындалған жұмыстың сапасы және әсемдігі

6.

Стандартты емес орындау техникасын және көркем материалдарды қолдану

7.

Стильдің ұзақ мерзімділігі

8.

Тартымдылығы

9.

Өңірдің дамуға және инновацияларды енгізуге деген ынтасын көрсету

10.

Ішкі және халықаралық аудиторияға бағдарлау

11.

Функционалдығы

3.4. Баға парақшасындағы баллдарды қосу арқылы Сараптамалық кеңес жұмысты бағалаудың қорытындысы бойынша Байқау жеңімпазын (-дарын) айқындайды.

3.5. Байқаудың жеңімпазы (-дары) туралы мәліметтер, сондай-ақ Байқаудың баспасөз-парақшасы Ресми сайтта және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

IV. Қорытынды шығару рәсімі

1. Байқаудың қорытындысын шығару рәсімі (бұдан әрі - Рәсім) Қостанай облысы әкімінің қатысуымен Ұйымдастыру комитеті ұйымдастыратын арнайы іс-шара барысында салтанатты түрде өткізіледі.

2. Өткізу күні, уақыты және орны Ұйымдастыру комитетімен белгіленеді.

3. Байқаудың жеңімпазы (-дары) Рәсім барысында жарияланады.

4. Басты жүлделерді алу үшін Рәсімге Сараптамалық кеңеспен ұсынылған Байқаудың қатысушылары мен жеңімпаздары шақырылады.

V. Жүлде қоры

         1. Жеңімпаз 800 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталады.

         2. Біреуден артық жеңімпаз анықталған жағдайда, жүлде қоры олардың арасында тең үлеспен бөлінеді.

         3. Байқаудың екінші кезеңіне өткен үміткерлер жұмыстарының авторларына Байқауға қатысушылардың сертификаты мен жүлделері тапсырылады.

         4. Сертификатта тегі, аты және әкесінің аты, жұмыстың атауы мен дауыс беру қорытындысы туралы ақпарат көрсетіліп, диплом түрінде жасалады.

         VI. Байқаудың ерекше шарттары

         1. Байқаудың қорытындысы бойынша Ұйымдастыру комитеті кәсіби студиямен бірлесіп байқаудың жеңімпазының (-дарының) жұмысы негізінде Қостанай облысының Өңірлік брендін әзірлейтін болады.

2. Байқау жеңімпазымен (-дарымен) Байқау құрылтайшысы атауын, сөз тіркесін, эмблема логотипін ортақ үлгі ретінде, сондай-ақ байқауға ұсынылған барлық көрнекі графикалық шешімдер, сонымен қатар көпшілікке ұсынуға, көбейту және брендтің, логотиптің және сөз тіркесінің атын пайдалануға айрықша құқығын беру туралы шарт жасасады.

3. Осы Ереженің қойылған талаптарына бірде бір жұмыс сәйкес келмесе, немесе ұсынылған жұмыстардың саны жеткіліксіз болса, Байқау қайтадан жарияланады.

4. Егерде жұмыстар осы Ереженің қойылған талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Сараптамалық кеңес жеңімпазды (-дарды) таңдаудан бас тартуға құқығы бар.

VII. Байқау Ережесінің өзгертілуі

1.Осы Ереже өзгертіліуі және Құрылтайшы мен Ұйымдастырушының ортақ шешімімен толықтырылуы мүмкін.


Отправить письмом
E-mail