Блог статистикасы
196
Blog
2543
Апелляциялық
107186
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 4 Июля 2017

Қарабалық ауданы әкімі Қ.М.Ғабдулиннің құттықтауы

Қарабалық ауданы әкімі Қ.М.Ғабдулиннің құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының

елордасы Астана Күнімен құттықтаймын!

Бұл мемлекеттік мереке барлық қазақстандықтар үшін тарихи-мәдени маңызды және ел жетістіктерінің айғағы болып табылады.

Астана – бүкіл әлемге ашық, мықты мемлекеттің ұлттық идеясын әлемге танытқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың теңдессіз тарихи жобасы. Бұл елді инновациялық дамуға бастайтын көшбасшы-қала, заманауи қала құрылысының ең үздік халықаралық деңгейінің үлгісі.

2017 жылдың 9 маусымында Астанада ең беделді әлемдік форумдардың бірегейі Халықаралық мамандандырылған көрме «ЭКСПО – 2017» ашылды. Оның тақырыбы заманымыздың өзекті, шешімі табылмай жүрген мәселелерінің бірі – «Болашақ энергиясы».

Көрмеге қатысушыларды құшақ жая қарсы алған бүгінгі әсем Астана бүкіл әлемнің назарында. Көрмеде 100-ден астам мемлекет, ондаған халықаралық ұйымдар мен компаниялар жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерін, өркениеттің әрі қарай даму жолдарын, өздерінің тарихын, салт-дәстүрлері мен мәдениеттерін көрсетеді.

Үш ай бойы Астана әлемнің үздік өнертапқыштарының болашақ энергия көздері мен «жасыл экономика» технологиясы бойынша пікір талас өтетін диалогтік алаңға айналады.

Бұл ТМД аумағы мен Орталық Азияда өтіп жатқан алғашқы халықаралық көрме, Тәуелсіз Қазақстанның барлық өңірлері түгелдей атсалысқан ең ауқымды жоба.

Құрметті қарабалықтықтар! Сіздерге зор денсаулық, жаңа табыстар мен жетістіктер тілеймін! Астанамыз бізге күш-қуат беріп, алдағы жаңа белестерге жетелей берсін!

хат жіберу