Блог статистикасы
190
Blog
2486
Апелляциялық
100447
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 13 Июля 2017

Өрт сөндірушілерге экскурсияға барды

Өрт сөндірушілерге  экскурсияға барды

12 шілдеде «Вожатыйлар мектебі» клубының шеңберінде Жастар ресурстық орталығы кәсіп таңдау және өртті болдырмау мақсатымен Қарабалық-11 өрт сөндіру бөліміне экскурсия жасады.
Өрт сөндірушілерге клубтың оқушыларымен бірге ЖРО қызметкерлері де келді. Келушілердің арасында жас балаларын өрттің зиянымен таныстыруға әкелген жас аналар, тіпті Германиядан келген қонақтар болды. Олар ерекше қызығушылықпен қазақстандық өрт сөндірушілердің жұмысымен танысып, әңгімелерін тыңдады.
Өрт сөндіру бөлімінің аумағын балалар аралады, өрт сөндіретін техникаларды тамашалады. Өрт сөндірушілер балаларға арнайы киімдерін, құтқару жабдықтарын көрсетті. Балалар  өрт сөндірушілердің айтқандарын зор ықыласпен қызыға тыңдады. Өрт сөндірушілердің  автомобилінде өртке қарсы үлкен арсенал бар екен, әрине балалар оны да байқап көрді. Батылырақ балалар мен қыздар үйрену мұнарасына шығып көрді. Балалардың біразы өрт сөндірушілер спортымен айналысуға қызығушылық танытты.
Экскурсия жылы шырайда өтті, өрт сөндіруші маманадардың да көңілі жастармен әңгімелескесін көтеріліп қалды. Экскурсияға қатысушылар өрт   сөндірушілердің  және адамдарды құтқарушылардың әңгімесінен өздерінің есіне көп пайдалы ақпараттарды түйіп алды.
    

хат жіберу