Блог статистикасы
190
Blog
2486
Апелляциялық
100447
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 3 Июля 2017

Таза жағалау

Таза жағалау

Сенбі күні, 1 маусымның шуақты күнінде, Қарабалық еріктілері және Жастар ресурстық орталығының белсенділері «Нұр Отан» партиясының Қарабалық аудандық филиалының қызметкерлерімен бірлесіп Тоғызақ өзенінде «Таза жағалау» экологиялық акциясын өткізді. Оған барлығы 15 адам қатысты. Іс-шараның девизі «Батыр болып тумайсың, батыр жүре боласың!». Акцияға қатысушылардың бәрі де батырға лайық іс жасады – жағалауды күл-қоқыстан қорғап қалды. Балалар қоқыс жинап жүріп демалушыларға «Әлемді таза ұста!" деген листовкалар таратты. Кейбір демалушылардың еріктілерге көмек көрсеткісі келіп әрекет еткені қуантады.
Екі жарым сағаттың қалай өткені байқалмады. Біраз қоқыс жиналды. Балалардың көңілі пайдалы іс жасағанға бір марқайып қалды. Акцияның аяғында осындай іс-шараны жиі өткізіп тұруға шешім қабылданды.

хат жіберу