Блог статистикасы
190
Blog
2486
Апелляциялық
100419
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қарабалық ауданы әкімі Қ.М.Ғабдулиннің үндеуі

Құрметті кәсіпкерлер,

Қарабалық ауданына еңбегі сіңген жерлестер!

Сіздерді «Көркейе бер, туған өлке»! акциясына қатысуға шақырамын!

2015 жылдың қыркүйегінде Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетов «Көркейе бер, Қостанай!» (Көркейе бер, туған өлке!) акциясын бастады, мақсат – облыстың елді мекендеріне ірі кәсіпорындар, бизнес және жеке тұлғалар тарапынан көмек көрсету.

Акция әлеуметтік нысандарды, қоғамдық орындарды, соның ішінде аллеяларды, скверлерді, спорттық алаңдарды, саябақтық аймақтарды және басқаларды абаттандыруға, жаңғыртуға, салуға, жөндеуге демеушілік көмекті тартуға бағытталған.

Өздеріңнің ата-аналарың, жақындарың мен достарың тұрған нмесе тұрып жатқан, балалық шақтарың, мектептегі жылдарың, жастық шақтарың өткен жерді, кіші отандарыңды еске алыңдаршы! Бәріңнің де өмірлік жоспарларың болды, тағдыр өздеріңді әр жаққа   шашыраттып жіберді, бірақ туған жерге деген махаббат – мәңгілікке қалады. Кіші отандарыңның жағдайы Сіздерді әрқашан ойландырады!

Ауылдың инфраструктурасын дамытуға және көркейтуге атсалысыңыздар. Туған өлкеге көмек беріп, ауыл үшін, жерлестер үшін есте қаларлықтай қызмет жасаңыздар! «Көркейе бер, туған ауылым!» бастамасы ауылды әрі қарай дамытуға жәрдемдесетін дәстүрге айналады деп сенемін!

хат жіберу