Блог статистикасы
195
Жазбалар
4600
Өтініштер
179026
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша Қарабалық ауданында кездесулер өтті

 

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша 2018 жылғы 29 қазанда облыстық ақпараттық топпен кездесу өткізу шеңберінде «Қостанай облысы әкімдігінің жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы» ММ бөлім басшысы Табергенова Әсел Олжабайқызы Қарабалық ауданына келді. Кездесу Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары Қ. Б. Мыржақыповтың төрағалығымен аудан әкімдігі аппаратының үлкен мәжіліс залында өтті. Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, аудан ұйымдарының, мекемелерінің басшылары, мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (барлығы 80 адам) қатысты.

Кездесу барысында халық табысының өсуі, өмір сүру сапасын арттыру, қазақстандықтардың жайлы өмір сүруін құру мәселелері талқыланды. Шара соңында А. О. Табергенова Тәуелсіздік жылдары қарқынды дамып келе жатқан экономикасы бар заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісім қамтамасыз етілгенін атап өтті, сондай-ақ кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

хат жіберу