Блог статистикасы
195
Жазбалар
4600
Өтініштер
179015
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Цифрлауға бағытталған курс

Оны биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев отандық экономиканы дамыту туралы сөзінде жариялады. Биылғы жылы елімізде «цифрлау дәуірі», индустриализацияның үшінші бесжылдығы басталады. Цифровизацияны енгізу, жекелей алғанда, Қарабалық ауданында қалай жылжып жатыр?

Аудандық әкімдіктің ақпараты бойынша өткен жылдары цифрлау қызметтің көптеген салаларын қамтыған. Оның ішінде маңыздылары: білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау. Мұғалімдер мен оқушылар мүмкіншілігінше отандық білім беру платформны «BilimLand» пайдаланады, электронды журналдар мен күнделіктер қолданады, аудан орталығындағы мектептердің бірінде робототехника кабинетін ащу жоспарланып отыр. Қарабалық АОА жұмысына өзгерістер бар, енді пациенттерді қабылдау кезегі электронды болады, дәрігерлердің көпшілігі амбулаторлық картаны электронды форматта жүргізеді. 2019 жылдың 1 қаңтарынан медициналық мекемелер құжаттамаларын қағазсыз форматқа көшіреді, электронды амбулаторлық карта, ауру тарихы және электронды рецептерді беру.  2020 жылы барлық тұрғындарды пациенттердің денсаулығы туралы толық ақпарат бар электронды денсаулық паспортымен қамту жоспарланды. Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтардың жұмыс іздеудегі мүмкіншілігін кеңейту үшін еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы «Биржа труда» жасалып жатыр, онда жұмыс орындары туралы барлық ақпарт жинақталады.

Аудан экономикасын цифрлау өте маңызды. Ауданда бұл бойынша оң тәжірибе бар - мысалы, ауыл шаруашылығында. Фермерлер электронды цифрлы қолхатты кеңінен пайдаланады. ЭЦП пайдаланып, үйдегі компьютерден алыстамай бидайларын сатады ( 2020 жылдан бастап осы норма әр фермер үшін міндетті болады). Мемлекеттік қолдаудың 18 бағдарламасының қазір тек қана екеуі цифрланған – «Мал өсіруді дамытуды несиелеу» және «Тыңайтқыштардың бағасына несиелеу». Жоспарда - барлық бағдарламаларды автоматтандыру.

«Зерновая индустрия» Агрохолдингі жаңалықты белсенді пайдаланады: баламалы қуат көздерін (күн батареялары), «электронды бақташы», ауылшаруашылық техникасы үшін навигациялық құралдар, мал басының цифрланған деректер базасы. «Ақ-Бидай Агро» ЖШС-інде былтырғы жылдан бастап пилотсыз ұшатын аппаратты пайдаланып келеді – енді дрон агрономға жұмысты аяғымен емес басымен істеуге мүмкіншілік береді және мамандарды танаптардың мультиспектралды суреттерімен қамтамасыз етеді.
хат жіберу