Блог статистикасы
195
Жазбалар
4731
Өтініштер
183252
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы

20 ақпанда Қарабалық к. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру бойынша Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар Министрлігінің жауапты хатшысы, республикалық ақпараттық топтың мүшесі Ж.М. Қожахметовпен кездесу өтті. Іс-шараға аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері, аудан ұйымдары мен мекемелерінің басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты(барлығы 290 адам).

Жанат Мұратұлы өз сөзінде елді әрі қарай дамытудың 10 негізгі міндетіне тоқталды, Жолдаудағы Қазақстанда цифрлық жүйені дамытудың бағыттарын түсіндірді, аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Бұл күні Ж.М. Қожахметов Қарабалықтың халыққа қызмет көрсету орталығына, Аудандық «Қарабалық» телестанциясына барды, осы ұйымдардың қызметкерлерімен кездесті.

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру бойынша кездесулер өткізу шеңберінде Қазақстан агротехникалық колледжінің оқушылары мен оқытушылары М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің ғылым,инновациялық даму стратегиясы бойынша проректоры Н.А. Багановпен кездесті.

Николай Анатольевич өз сөзінде Қазақстанды әлемнің дамыған отыз елінің қатарына ену үшін орындалатын негізгі міндеттерге тоқталды. Жолдаудың жасына қарамай барлық азаматтар үшін жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар, ұстаздық кадрлары бар білім берудің озық жүйесін толықтай түсіндірді және «Баршаға тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасын іске асырылуын ұғындырды. Кездесудің соңында Баганов Н.А. жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.


хат жіберу