Блог статистикасы
195
Жазбалар
4598
Өтініштер
178973
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – мемлекеттік саясат

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасы Президентінің

Жолдауының 9-тарауында Президент Н. Ә. Назарбаев Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында да сыбайлас жемқорлықпен күрес жалғаса береді деді.

Өткен жылы аудандық сот сыбайлас жемқорлыққа жататын екі қылмыстық істі қарады. Бұрынғы аудан әкімі К.М. Ғабдулинге қатысты сот болды. ҚР ҚК 3-б. 190-баб 2,3-т.т. – мемлекеттік қызметтегі тұлғаның екі немесе оданда көп тұлғаларға қатысты жасаған алаяқтығы және ҚР ҚК 367-баб 4-б., ҚР ҚК 28-баб 2-б.- үлкен көлемде пара беруге арандатушылық жасау. Сот шешімімен К.М. Ғабдулиннің қылмысты екені дәлелденді. Ол 4 жылға сотталып, бас бостандылығынан айырылды. Мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істей алмайтын болды.

Екінші сот үкімі полиция қызметкері К.С. Қаймусинге қатысты шықты. ҚР ҚК 366-баб 2-б. пара алды деп айыпталды. Сотталған К.С. Қаймусин және Қарабалық ауданының прокуроры кінәні мойындау туралы мәмле түрінде процессуалдық келісім жасады. К.С. Каймусинге алған парадан алпыс есе артық мөлшерде штраф салынды, соталғанның иелігіндегі мүлік конфискацияланып мемлекет меншігіне өтті, мемлекеттік қызметте, құқыққорғау органдарында өмір бойы жұмыс істей алмайтын болды және полиция сержанты деген атағынан айырылды.
хат жіберу