Блог статистикасы
195
Жазбалар
4731
Өтініштер
183250
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың жолдауын түсіндіреміз

28 ақпанда аудандық ардагерлер кеңесінің кеңсесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің жиналысы өтті. Аудандық ақпараттық топтың өкілдері жыл сайынғы Жолдауда жұмыспен қамту мен әлеуметтік қамсыздандырудың әділ жүйесіне үлкен көңіл бөлінетінін айтты.    Жұмыс іздеушілердің мүмкіндіктерін кеңейту, жұмыс берушілерге персонал іріктеу мақсатымен еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық «Еңбек биржасы» құрылады. Оған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері, жеке жұмыспен қамтушылар агенттігінің деректер базасы, сонымен қатар, жұмыспен қамту орталықтары қосылады. Жалпы, әлеуметтік саясат азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тарту арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте еңбекке жарамсыз азаматтар үшін мемлекеттік қолдау күшейтіледі. Оның ішінде зейнетақы көтеріледі. Соңғы жылдарда мемлекет халыққа әлеуметтік төлемнің көлемін өсіруді және төлемнің жаңа түрлерін енгізуді жоспарлап отыр. Жиналысқа қатысқандар Елбасының кезекті Жолдауын қолдайтын сөздерін айтты.
хат жіберу