Блог статистикасы
195
Жазбалар
4731
Өтініштер
183250
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өзін-өзі жұмыспен қамту өнімді болу керек

Қарабалық ауданында тұрғындарды өндірістік жұмыс орнына қалай тартады?

Өндірістік жұмыс орны мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін Бағдарламамен қандай инструмент қарастырылған? Осы туралы «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Дмитрием ШРЕЙДЕРмен әңгіме.

- Дмитрий Александрович, былтыр көпшілікті толғандырған сұрақтардың бірі азаматтардың мәртебесін анықтау. Біріншіден міндетті медсақтандыруды енгізу. Оның мерзімі ауысты. Бірақ мәселе әлі шешілген жоқ...

- Наурыз айынан бері ауданда азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС)тарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Кейбір азаматтар категориясы әлі анықталмады, олардың басым көпшілігі тіркелмеген жұмыссыздар және өндіріссіз өз-өзін қамтығандар (жұмысы бар, бірақ салық органдарында тіркелмегендер –ред.). Олар аудан бойынша 1,5 мыңдай адам. Бұл бағытта ауыл әкімдерімен жұмыстар жүргізілуде. Ел Президентінің Жолдауын орындау үшін өндіріссіз өз-өзін қамтығандарды тіркеу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған іс-шаралар қолға алынып жатыр. ҚР 2017-2021 жылдарға арналған өндірістік жұмыс орны мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасына өз-өзін қамтығандарға зейнетақы қорына, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды енгізіп. салық салу тәртібі анықталады.

- Жұмыспен қамту органы қалай тіркелмеген   жұмыссыздар және өндіріссіз өз-өзін қамтығандар санын азайтпақ?

- 2015 жылда бастап облыста және ауданда тұрғындарды жұмыспен қамтудың Кешенді жоспары бекітілген, оның шеңберінде ағымдағы жылда 900 адам жұмыспен қамтылды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 160 адамға артық.

- Бұл шаралар 2017-2021 жылдарға арналған өндірістік жұмыс орны мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасының бізге белгілі инструменттері ме?

- Әрине, шаралар бұрынғылар – кәсби оқытулар, жастар практикасы ,қоғамдық жұмыстар және әлеуметтік жұмыс орындары, кәсіпкерліктің негізін оқыту, микрокредиттеу және қосалқы шруашылықты дамыту үшін кредит беру, сонымен қатар бос орындарға жұмысқа орналастыру. Аудан тұрғындарына мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары шеңберіндегі іске асырылып жатқан жобаларға жұмысқа кіру ұсынылады. Бұдан басқа өз бизнесін кеңейту үшін микрокредиттер алған кәсіпкерлер қосымша жұмыс орнын ашуға міндетті.

-«Еңбек биржасы» (www.enbek.kz) бірыңғай ақпараттық базасы аудан тұрғындарына қалай және немен көмектесе алады?

- Оған мемлекеттік органдардың ақпарат жүйелері, жұмыспен қамтудың жеке агенттігінің деректер базасы, сондай-ақ тұрғындарды жұмыспен қамтудың барлық орталықтары ат салысады. Бос орындар мен резюме бір жерде шоғырланады. Ел азаматтары, Президентінің Жолдауында айтылғандай жаңа жұмыс орнын тез арада табуға мүмкіндікке ие болады, оның ішінде еліміздің басқа елді мекендерінде жұмыс орнын таба алады.

- Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізуден мұқтаж азаматтар не күтеді?

- Бүгінде ауылдық оругтардың әкімдерімен, жұмыспен қамту органдарымен атаулы әлеуметтік көмек керек ететін отбасылардан құжаттар қабылдау жүріп жатыр. АӘК тағайындау бойынша 154 отбасынан сұрау түсті. АӘК жаңа форматынан күтілетін нәтиже – аз қамтылған отбасыдағы жұмысқа жарамды мүщесінің белсенділігін арттыру, адамға қиын жағдайдан шығуға көмектесу, түбінде оларды толыққанды экономикалық өмірге бейімдеу. Бұл үшін отбас басшысымен жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісім-шарт жасалады.

- Жұмыссыздарға қатысты осы кешенді іс-шараларды іске асыру, сөзсіз, өз-өзін жұмыспен қамтыйтындарға, аз қамтылған отбасыларына аудан азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.

хат жіберу