Блог статистикасы
195
Жазбалар
4731
Өтініштер
183257
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қарабалық ауданында Елбасының Жолдауын түсіндіру бойынша кездесулер өтті


Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық топтың кездесулер өткізу шеңберінде 2018 жылдың 1 наурызында «Қазақстан Республикасы ұлттық банкі» ММ Қостанай филиалы директорының орынбасары Омарханова Жанна Төлегенқызы Қарабалық ауданына келді.

Кездесу Қарабалық ауданы әкімі Арман Көкішұлы Әлиевтің төрағалығымен әкім аппаратының үлкен отырыс залында өтті. Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округтерінің әкімдері, мекемелер мен ұйымдардың басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер, үкіметтік емес ұймдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты(барлығы 80 адам). Өз сөзінде Ж.Т. Омарханова Қазақстанның төртінші өнеркәсіптік революцияның процесіне неге қатысу керектігін түсіндірді. Қаржылық нарықтағы жағдай және экономиканы дамытудың перспективасы, және Қазақстанда экономикаға әсер ететін факторлар кездесу барысында талқыланды. Іс-шараның аяғында Омарханова Ж.Т. ақша-кредит және валюталық саясат мәселесі бойынша екі жақты консультациялар мен өзара іс-қимылдардың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ кездесуге келгендердің сауалдарына жауап берді.

хат жіберу