Блог статистикасы
195
Жазбалар
4420
Өтініштер
175453
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне газ тарату желілеріне қызмет көрсету және пайдалану үшін жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына, 19-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес:

1. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін:

1) Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Тоғызақ ауылы аумағында орналасқан, алаңы 2,9703 гектар газ тарату желілеріне қызмет көрсету және пайдалану үшін;

2) Қостанай облысы, Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылы аумағында орналасқан, алаңы 1,1220 гектар газ тарату желілеріне қызмет көрсету және пайдалану үшін;

2. «Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы шешімді Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғанан кейін орналастыруы.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз артыма қалдырамын.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Түсіндірме хат

хат жіберу