Блог статистикасы
195
Жазбалар
4420
Өтініштер
175444
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

2016 жылға арналған басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінде 2015 жылғы 20 мамырда № 11094 болып тіркелген) бекітілген Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының   және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2016 жылға арналған басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған өтінімдер ұсыну мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау ауыл шаруашылығы мәселелерін жетекшілік етуші аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.


Аудан әкімі                                                       Қ. Ғабдулин

                                                                          

Әкімдіктің

                                                                                 2016 жылғы «___» __________

                                                                               № _____

                                                                                қаулысына қосымша    

     

2016 жылға арналған басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған өтінімдер ұсыну мерзімдері

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Өтінім ұсыну мерзімдері

1

Жаздық жұмсақ бидай

Күздік бидай

2 қыркүйектен бастап 15 қыркүйекке дейін

2

Жаздық қатты бидай

2 қыркүйектен бастап 15 қыркүйекке дейін

3

Сұлы

Арпа

Тары

Қарақұмық

2 қыркүйектен бастап 15 қыркүйекке дейін

4

Күздік қара бидай

2 қыркүйектен бастап 15 қыркүйекке дейін

5

Бұршақ

Ноқат

Жасымық

2 қыркүйектен бастап 15 қыркүйекке дейін

6

Күнбағыс

2 қыркүйектен бастап 15 қыркүйекке дейін

7

Рапс

2 қыркүйектен бастап 15 қыркүйекке дейін

8

Зығыр

2 қыркүйектен бастап 15 қыркүйекке дейін

9

Мақсары

2 қыркүйектен бастап 15 қыркүйекке дейін

10

Картоп

2 қыркүйектен бастап 15 қыркүйекке дейін

11

Көкөністер

2 қыркүйектен бастап 15 қыркүйекке дейін

12

Бақша дақылдары

2 қыркүйектен бастап 15 қыркүйекке дейін

13

Сүрлемдік жүгері және күнбағыс

2 қыркүйектен бастап 15 қыркүйекке дейін

14

Сүрлемдік жүгері

2 қыркүйектен бастап 15 қыркүйекке дейін

15

Жемшөптік дақылдар оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

2 қыркүйектен бастап 15 қыркүйекке дейін

16

Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көпжылдық шөптер

2 қыркүйектен бастап 15 қыркүйекке дейін



хат жіберу