Блог статистикасы
195
Жазбалар
4419
Өтініштер
175187
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

2016 жылға субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін және басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінде 2015 жылғы 20 мамырда № 11094 болып тіркелген) бекітілген Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының   және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес Қарабалық ауданының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2016 жылға субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері 16 шілдеден бастап 20 шілдеге дейін айқындалсын.

2. 2016 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау ауыл шаруашылығы мәселелерін жетекшілік етуші аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 25 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.


Аудан әкімі                                                       Қ. Ғабдулин

                                                                          

Әкімдіктің

                                                                                 2016 жылғы «___» __________

                                                                               № _____

                                                                                қаулысына қосымша  

       

2016 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы

Себу мерзімдері

1

Жаздық жұмсақ бидай

Күздік бидай

15 мамырдан бастап 02 маусымға дейін

25 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін

2

Жаздық қатты бидай

18 мамырдан бастап 01 маусымға дейін

3

Сұлы

Арпа

Тары

Қарақұмық

15 мамырдан бастап 10 маусымға дейін 15 мамырдан бастап 10 маусымға дейін

20 мамырдан бастап 10 маусымға дейін

20 мамырдан бастап 10 маусымға дейін

4

Күздік қара бидай

25 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін

5

Бұршақ

Ноқат

Жасымық

15 мамырдан бастап 05 маусымға дейін 15 мамырдан бастап 31 мамырға дейін

15 мамырдан бастап 31 мамырға дейін

6

Күнбағыс

05 мамырдан бастап 01 маусымға дейін

7

Рапс

20 мамырдан бастап 01 маусымға дейін

8

Зығыр

12 мамырдан бастап 31 мамырға дейін

9

Мақсары

10 мамырдан бастап 31 мамырға дейін

10

Қыша

22 мамырдан бастап 31 мамырға дейін

11

Арыш

жаздық - 15 мамырдан бастап 31 мамырға дейін,

күздік – 25 тамыздан бастап 10 қыркүйекке дейін

12

Қытайбұршақ

18 мамырдан бастап 31 мамырға дейін

13

Картоп

Картоп (тамшылатып суарылатын)

25 сәуірден бастап 01 маусымға дейін; 25 мамырдан бастап 01 маусымға дейін

14

Көкөністер

Көкөністер (тамшылатып суарылатын)

Көкөністер (барлық жылыжайлар типтері бойынша қорғалған топырақ жағдайында, 2 дақыл алмасуы)

25 сәуірден бастап 10 маусымға дейін;

25 сәуірден бастап 10 маусымға дейін;

көшеттер алу үшін 10 наурыздан бастап 30 наурызға дейін

15

Бақша дақылдары

25 сәуірден бастап 10 маусымға дейін

16

Сүрлемдік жүгері және күнбағыс

15 мамырдан бастап 31 мамырға дейін

17

Сүрлемдік жүгері (суландырылатын)

15 мамырдан бастап 31 мамырға дейін

18

Жемшөптік дақылдар оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

Жемшөптік дақылдар оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер (суландырылатын)

бірінші мерзім – 25 сәуірден бастап 31 мамырға дейін, екінші мерзім – 05 маусымнан бастап 31 тамызға дейін

бірінші мерзім – 25 сәуірден бастап 31 мамырға дейін, екінші мерзім – 05 маусымнан бастап 31 тамызға дейін

19

Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көпжылдық шөптер

бірінші мерзім 25 сәуірден бастап 31 мамырға дейін,

екінші мерзім - 05 шілдеден бастап 31 тамызға дейін



хат жіберу