Блог статистикасы
195
Жазбалар
4420
Өтініштер
175458
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата – ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» 2017 жылғы 14 ақпандағы № 67 Қарабалық ауданы әкімдігінің қаулысына өзгеріс

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағының 3) тармақшасына, «Білім туралы» 2017 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 4 тармағының 8 – 1 тармақшасына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 5 шілдедегі № 88-VI Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабы 3 тармағының 3 тармақшасына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.     «2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата – ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» 2017 жылғы 14 ақпандағы № 67 Қарабалық ауданы әкімдігінің қаулысына (нормалық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестірінде № 6863 тіркелген, 2017 жылдың 30 наурызында «Айна» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулының атауындағы және 1 тармағындағы "Жан басына шаққанда және" сөзі алынсын;

мемлекеттік тілдегі мәтінде:

«ата-ананың ақы төлеу» деген сөздері «ата-ана төлемақысының» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тілінде мәтін өзгермейді;

жоғарыда көрсетілген қаулыға қоса берілген қосымша осы қаулыға берілген қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 21 шілдесінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

Аудан әкімі                                                К. Габдулин

Қосымша

хат жіберу