Блог статистикасы
195
Жазбалар
4600
Өтініштер
178974
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

2019-2020 жылдар кезеңіне геоботаникалық зерттеулер негізінде Қарабалық ауданы үшін қолайлы жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы

«Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Қарабалық ауданының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2019-2020 жылдар кезеңіне геоботаникалық зерттеулер негізінде Қарабалық ауданы үшін қолайлы жайылым айналымдарының схемасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.                                                           

3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарабалық аудан әкімінің жер мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 




Әкімдігінің

2019 жылғы «____» ___________

№ ___қаулысымен бекітілген

 

 

Қарабалық ауданы үшін қолайлы жайылым айналымдарының схемасы

 

Жылдар

1 қаша

2 қаша

3 қаша

4 қаша

2019

көктемгі-жазғы мезгіл 1

жазғы            мезгіл 2

күзгі      мезгіл 3

демалатын қаша

2020

демалатын      қаша

көктемгі-жазғы мезгіл 1

жазғы    мезгіл 2

күзгі         мезгіл 3

     

Ескертпе: 1, 2, 3, 4 - жылына қашаны пайдалану кезегі.

 

Түсіндірме хат

хат жіберу