Блог статистикасы
195
Жазбалар
4420
Өтініштер
175457
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

2019 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:     

1. 2019 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындығы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Аудан әкімі                                                                Н. Өтегенов

   


Ауданы әкімдігінің

2018 жылғы «___» ____________

№ _____ қаулысына қосымша

                                                                            

2019 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері

Ұйымның атауы

Ұйымдағы жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімде

Жұмыс орындарының саны

1.

«Ак-Бидай-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

258

0,4%

1

      

Түсіндірме хат                                                                                                                                                    

                                                                                                         

                                                                      
хат жіберу