Блог статистикасы
195
Жазбалар
4419
Өтініштер
175187
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

2019 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша Қарабалық ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2019 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Қарабалық ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсін.

2. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау ауыл шаруашылығы мәселелерін жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі                                                                          Н. Өтегенов



Әкімдіктің

2019 жылғы «___» ___________

№_____ қаулысына қосымша

2019 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Қарабалық ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрі

Егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы

II дала аймағы

1

Жаздық бидай

2019 жылғы 12 мамырдан   05 маусымға дейін

2

Жаздық арпа

2019 жылғы 18 мамырдан 5 маусымға дейін

3

Сұлы

2019 жылғы 18 мамырдан 5 маусымға дейін

4

Тары

2019 жылғы 20 мамырдан 5 маусымға дейін

5

Бұршақ

2019 жылғы 18 мамырдан 31 мамырға дейін

6

Рапс

2019 жылғы 15 мамырдан 28 мамырға дейін

7

Күнбағыс

2019 жылғы 5 мамырдан 28 мамырға дейін

8

Аңқа

2019 жылғы 15 мамырдан 28 мамырға дейін

хат жіберу