Блог статистикасы
195
Жазбалар
4420
Өтініштер
175455
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Тоғызақ станциясы – Бөрлі ауылы – Надеждин ауылы – Смирнов ауылы» талшықты – оптикалық байланыс желісін төсеу үшін жер учаскесіне (қауымдық сервитут) шектеулі нысаналы пайдалану құқығын

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1 тармағының 6) тармақшасына сәйкес:

1. «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Тоғызақ станциясы - Бөрлі ауылы - Надеждин ауылы – Смирнов ауылы» талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу үшін Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті аумағында орналасқан жалпы көлесі 2,8529 гектар жер учаскесіне 3 (үш) жыл мерзімге (қауымдық сервитут) шектеулі нысаналы пайдалану құқығы бекітілсін.

    2. «Қарабалық кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

   1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

   3) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін;

   3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын;

4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

   А. Шектыбаев 


Түсіндірме хат


хат жіберу