Блог статистикасы
195
Жазбалар
4420
Өтініштер
175444
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округі Қособа ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14- бабының 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 маусымдағы қорытындысы негізінде және халқының пікірін ескере отырып, Қарабалық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         1. Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округі Қособа ауылында Ленин көшесін Ақжол көшесіне, Совхозная көшесін Бастау көшесіне қайта аталсын;

         2. «Қарабалық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

         1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

          2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

     3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қарабалық ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

     4) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін;

     3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

     4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


Қарабалық ауылдық округінің әкімі                                   М. Велин

хат жіберу