Блог статистикасы
195
Жазбалар
4601
Өтініштер
179043
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қарабалық ауданы әкімінің 2017 жылғы 27 наурыздағы №3 «Қарабалық ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының  23-бабына сәйкес ШЕШТІ:

1. Қарабалық ауданы әкімінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 3 «Қарабалық ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7022 болып тіркелген, 2017 жылдың 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімінің қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімінің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Қарабалық ауданының әкімі                                            Н. Өтегенов

 

 

  «КЕЛІСІЛДІ»

 

Қарабалық аудандық сайлау комиссиясының төрайымы

________________Т. Салмина

2018 жылғы «__» _________


Қосымша

Түсіндірме хат

хат жіберу