Блог статистикасы
195
Жазбалар
4598
Өтініштер
178970
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветер

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабына сәйкес Қарабалық ауданының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелер белгіленген лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 91 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарыныңтiзбесiн айқындау туралы» қаулысының (2016 жылдың 16 маусымда «Айна» аудандық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6412 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. «Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімінің жетекшілік ететінорынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 


   

Әкімдіктің

2019 жылғы «       »                 

№              қаулысына қосымша

 

 

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

 

 

Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

1) мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның және мемлекеттік мекемесінің басшысы және басшысының орынбасары;

2) аудандық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның және мемлекеттік мекеменің клиникалық және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушісі, бөлімше басшысы;

3) барлық мамандықтар дәрігерлері;

4) акушер;

5) диеталық мейіргер;

6) тiс дәрігері (дантист);

7) мейірбике (мейіргер);

8) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статист);

9) зертханашы (медициналық);

10)провизор (фармацевт);

11) психолог маманы;

12) рентген зертханашысы;

13) әлеуметтік қызметкер;

14) фельдшер;

15) медициналық тіркеуші.

Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

16) ауданның Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

17) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

18) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

19) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

20) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

21) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

22) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балалар мен мүгедек – балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

23) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

Білім беру мамандарының лауазымдары:

24) аудандық маңызы бар және мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны басшысы (шағын жиынтықты мектеп, мектепке дейінгі ұйымнан, әдістемелік, психологиялық-әдістемелік-педагогикалық консультация кабинеттерінен басқа);

25) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық), психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация кабинеттерінің басшысы;

26) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (шағын жинақталған мектептен басқа) басшысының орынбасары;
             27) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны басшысының орынбасары: шағын жиналған мектеп;

28) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дифектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы - оқытушы;

29) логопед;

30) әлеуметтік педагог;

31) қосымша білім беретін педагог;

32) ұйымдастырушы педагог;

33) педагог-психолог;

34) психолог;

35) әдіскер (негізгі қызметтердің);

36) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

37) тәлімгер;

38) жүзу бойынша нұсқаушы (негізгі қызметтердің);

39) дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);

40) аккомпаниатор (сүйемелдеуші) (негізгі қызметтердің);

41) мейірбике (мейіргер);

42) емдәмдік мейірбике;

43) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана басшысы (меңгерушісі);

44) кітапханашы;

45) тәрбиелеуші;

46) концертмейстер (негізгі қызметтердің).

Мәдениет мамандарының лауазымдары:

47) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

48) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары;

49) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны көркемдік жетекшісі;

50) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана басшысы (меңгерушісі);

51) кітапханашы;

52) библиограф;

53) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

54) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

55) хореограф;

56) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

57) қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі;

58) дыбыс режиссері.

Спорт мамандарының лауазымдары:

59) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны басшысы;

60) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны басшысының орынбасары;

61) мейірбике /мейіргер (мамандандырылған);

62) әдіскер;

63) жаттықтырушы - оқытушы;

64) жаттықтырушы.

Ветеринария мамандарының лауазымдары:

65) ветеринариялық дәрігер;

66) ветеринариялық фельдшер.

 

 

 

 

хат жіберу