Блог статистикасы
195
Жазбалар
4598
Өтініштер
178965
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9- бабының 8) тармақшасына, 27- бабы 1- тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1- тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас   бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нөмірі 104546 болып тіркелген) сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға арналған жұмыс орындар квотасының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                                                                  Қ. Ғабдулин



Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға арналған жұмыс орындар квотасының мөлшері

р/с №

                     Ұйымның атауы

Квотаның мөлшері

жұмыскерлердің тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде

Жұмыс орындарының саны

1.

«Сана-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

            3%

           2

2.

«Агро-Торо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

       3%

8

3.

«Новотроицк-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

            3%

           4

4.

«Бозкөл-Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

            3%

           5

5.

«Ақ-Бидай-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

            3%

           7

6.

«Костанайщебень» өндірістік фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

            3%

           6

7.

«Қарабалық ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3%

9

8.

«Костанай-Агро 2008» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

            3%

           2

9.

«Тоғызбай-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

            3%

           3

10.

«Тогузакский элеватор» акционерлік қоғамы

3%

2

11.

«Қарабалық ауданы әкімдігінің «Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

            3%

           4

12.

«Приречное ЛА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3%

2

13.

«Istithmar –Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3%

1

14.

«Босколь ХПП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3%

1

15.

«Манас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3%

1

16.

«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орман шаруашылығының Михайлов мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

3%

2

17.

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету Қарабалық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

3%

1

18.

«Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

3%

1

хат жіберу