Блог статистикасы
195
Жазбалар
4420
Өтініштер
175451
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Тоғызақ ст. – Бөрлі а. - Надеждинка а. – Смирнов а.» талшықты – оптикалық байланыс желісін төсеу үшін жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  31- бабы 1- тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қостанай ауылдық округі мекенжайы бойынша орналасқан «Тоғызақ ст. – Бөрлі а. - Надеждинка а. – Смирнов а.» талшықты – оптикалық байланыс желісін төсеу мақсатында жалпы алаңы 5,8259 гектар жер учаскесіне 3 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.

2. «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1) осы қаулының  аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) әкімдіктің осы қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарабалық ауданы әкімінің жер мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  

 

Қарабалық ауданының әкімі                                    Н. Өтегенов


Түсіндірме хат

хат жіберу