Блог статистикасы
195
Жазбалар
4419
Өтініштер
175191
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және   өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, Қарабалық ауданының барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарында, ұйымдары мен мекемелерінде жалпы жұмыс орындары санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы белгiленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер жөнінде Қарабалық ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Аудан әкімі                                                     Қ. Ғабдулин

хат жіберу