Блог статистикасы
195
Жазбалар
4731
Өтініштер
183257
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
  • «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамының электр беру желісі бойымен күзет аймағының шекараларын белгілеу және күзет аймағында жерді пайдалану режімін анықтау туралы

«Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамының электр беру желісі бойымен күзет аймағының шекараларын белгілеу және күзет аймағында жерді пайдалану режімін анықтау туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 119,121-баптарына, «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 30) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, 2017 жылғы 30 қазанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15943 болып тіркелген «Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 бұйрығына сәйкес, «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамының электр желілерінің сақталуын қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. Шеткі сымдардың кескіндерінің екі жағынан жер бетінде тұрған тік түзу қоршаулармен шектелген әуе кеңістігі және жер учаскесі түрінде шартты сызықтармен шектелген «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамының электр беру желісі бойымен: 35 киловатт әуе желілері үшін 15 метрден; 110 киловатт әуе желілері үшін 20 метрден электр желілерінің күзет аймақтары белгіленсін.

Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес күзет аймағының жалпы көлемі учаскелерді жер пайдаланушылардан алмаусыз 180,1821 гектар.

     2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамының электр беру желісі бойымен күзет аймағында жерді пайдалану тәртібі белгіленсін.

    3. «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамына электр беру желісі бойымен күзет аймағына енген жерді арнайы белгілермен көрсету ұсынылсын.

    4. «Қарабалық ауданы әкімідігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қостанай облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

    5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін

    6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қарабалық ауданының әкімі                                                             Н.Өтегенов


Қосымша 1

Қосымша 2


хат жіберу