Блог статистикасы
195
Жазбалар
4419
Өтініштер
175265
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қарабалық ауданы Победа ауылының Победа ауылдық округінің құрамдас бөлігін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14- бабының 4) тармақшасына, облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы    16 қарашадағы қорытындысы негізінде және халқының пікірін ескере отырып, Победа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қарабалық ауданы Победа ауылында Ленин көшесін Бәйтерек көшесіне қайта атауға;

2. «Победа ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қарабалық ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін;

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Победа ауылдық округінің әкімі                                   С.Айқадамов

хат жіберу