Блог статистикасы
195
Жазбалар
4601
Өтініштер
179041
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қарабалық ауданы Победа ауылдық округінің Победа ауылының құрамдас бөлігін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14- бабының 4) тармақшасына, Победа ауылдық округінің Победа ауылы халқының пікірін ескере отырып облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 16 қарашадағы қорытындысы негізінде, Победа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қарабалық ауданы Победа ауылдық округінің Победа ауылында Ленин көшесін Бәйтерек көшесіне қайта атауға.

          2. «Победа ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

         1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

        2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

     3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

     3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

     4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он

күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Победа ауылдық округінің әкімі                                   С.Айқадамов

хат жіберу