Блог статистикасы
195
Жазбалар
4420
Өтініштер
175456
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округі Бөрлі ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14- бабының 4) тармақшасына, халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы     16 қарашадағы қорытындысы негізінде, Бөрлі    ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округі Бөрлі ауылында қайта атауға:

         Советская көшесін Орталық көшесіне;

         70 лет Октября көшесін Болашақ көшесіне;

Комсомольская көшесін Атамекен көшесіне.

2. «Бөрлі    ауылдық     округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қарабалық ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа сөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Бөрлі ауылдық

      округінің әкімі                                                      А. Сағынбек

хат жіберу