Блог статистикасы
195
Жазбалар
4598
Өтініштер
178965
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қарабалық кентінің көшелерін қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14- бабының 4) тармақшасына, Қостанай облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 16 қарашадағы отырысы қорытындысы негізінде, халықтың пікірін ескере отырып, Қарабалық кенті әкімінің міндетін    атқарушы ШЕШТІ:

1. Қарабалық кентінің Чапаев көшесі Иван Щеголихин көшесіне қайта аталсын.

2. Қарабалық кентінің Октябрьская көшесі Қапан Бадыров көшесіне қайта аталсын.

3. Қарабалық кентінің Карл Маркс көшесі Серке Қожамқұлов    көшесіне қайта аталсын.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

   

Қарабалық кенті әкімінің                                                Б. Касымов

міндетін атқарушы                 



«Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кентінің көшелерін қайта атау туралы» Қарабалық кенті әкімі шешімінің жобасына түсіндірме хат

Түсіндірме хатта көрсетілетін мәліметтердің тізімі

Ескерту

1.

Шешім жобасының атауы

«Қарабалық кентінің көшелерін қайта атау туралы»

2.

Мемлекеттік орган- жобаның әзірлеуші

«Қарабалық кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

3.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негізі

Жоқ

4.

Қандай заңнама актілерді, Президентінің, ҚР Үкіметінің актілерді, өзге де актілер немесе тапсырмаларды іске асыру мақсатында жоба енгізіледі

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14- бабының 4) тармақшасы

5.

Күтіп отырған нәтижелердің нақты мақсаттары және мерзімдері

Қарабалық кентінің Чапаев көшесі Иван Щеголихин көшесіне қайта ауыстырылсын

Қарабалық кентінің Октябрьская көшесі Қапан Бадыров көшесіне қайта ауыстырылсын

Қарабалық кентінің Карл Маркс көшесі Серке Қожамқұлов    көшесіне қайта ауыстырылсын

6.

Жобаны қабылдаған жағдайда болжамдап отырған әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

7.

Жобаны іске асыруға байланысты болжамдап отырған қаржылық шығындары

Жоқ

8.

Жобада көрсетілген құзіретіне кіретін сұрақтарды мемлекеттік органның басшысы бұрыштамасының болмау себебі

Барлық қажетті бұрыштамалары бар

               

9.

Жобада қарастырылған мәселелер бойынша бұрын қандай актілер қабылданған туралы мәліметтер

Жоқ

10.

Жобаға сәйкес өзге актілерді келтіру қажеттілігі

Жоқ

11.

Басқа да мәліметтер

Жоқ


хат жіберу