Блог статистикасы
195
Жазбалар
4598
Өтініштер
178972
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2- тармағының 2) тармақшасына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 – бабы 8) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы 16 мамырдағы № 01-20/305 ұсынысы негізінде ірі қара малдың кұтыру ауруының ошағын жою бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешен жүргізілуіне байланысты Бозкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Бозкөл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 1 шешімімен (нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліменде № 7586 болып тіркелген) салынған Бозкөл ауылында Октябрьская көшесі 39 үй орналасқан, Егорова Наталья Викторовнаның жеке ауласының аумағында шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

2. «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Бозкөл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 1 шешімі жойылды деп саналсын.

3.«Бозкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңңамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдіктің шешімін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы шешім ресми жариаланғанынан кейін Қарабалық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4.Осы шешімнің орындалуын бықылауды өзіме қалдырамын.

5.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бозкөл ауылдық округінің әкімі                             С. Төлебаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы

_________Е.Пшеничникова

2018 жылы «___»_________

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

__________Б. Ермұхаметов

2018 жылы «___»_________

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Қарабалық аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республиқалық мемлекеттік мекемесінің басшысы

_____________ .Даулетбаев

2018 жылы «___»________

«Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы»

2018 жылғы 18 мамырдагы Бозкөл ауылдық округі әкімінің № 2 шешіміне

түсіндірме жазбасы

Түсіндірме хатта көрсетілетін мәліметтердің тізімі

Ескерту

1.

Шешім жобасының атауы

«Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы»

2.

Мемлекеттік орган- жобаның әзірлеуші

«Бозкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

3.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негізі

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-1 - бабының 7) тармақшасына сәйкес

4.

Қандай заңнама актілерді, Президентінің, ҚР Үкіметінің актілерді, өзге де актілер немесе тапсырмаларды іске асыру мақсатында жоба енгізіледі

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің Қарабалық аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикандық мемлекеттік мекемесі.

«Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

5.

Күтіп отырған нәтижелердің нақты мақсаттары және мерзімдері

6.

Жобаны қабылдаған жағдайда болжамдап отырған әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жоқ

7.

Жобаны іске асыруға байланысты болжамдап отырған қаржылық шығындары

Жоқ

8.

Жобада көрсетілген құзіретіне кіретін сұрақтарды мемлекеттік органның басшысы бұрыштамасының болмау себебі

               

9.

Жобада қарастырылған мәселелер бойынша бұрын қандай актілер қабылданған туралы мәліметтер

Жоқ

10.

Жобаға сәйкес өзге актілерді келтіру қажеттілігі

Жоқ

11.

Басқа да мәліметтер

Жоқ

                               

                            

                                 Бозкөл ауылдық округінің әкімі                           С. Төлебаев


хат жіберу