Блог статистикасы
195
Жазбалар
4420
Өтініштер
175451
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қарабалық ауданы әкімінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 3 «Қарабалық ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес ШЕШТІ:

1. Қарабалық ауданы әкімінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 3 «Қарабалық ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7022 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

Қарабалық ауданының аумағында сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы шешімін ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4. Осы шешімі алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Қарабалық ауданының әкімі                                       А. Әлиев

«КЕЛІСІЛДІ»

Қарабалық аудандық сайлау

комиссиясының төрайымы

________________Т. Салмина

2018 жылғы «____» _________

хат жіберу