Блог статистикасы
195
Жазбалар
4419
Өтініштер
175181
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті   мемлекеттік басқару   және   өзін-өзі   басқару   туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6- бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 97- бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 237 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы                № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5173 болып тіркелген, 2014 жылы 4 желтоқсанда «Айна» аудандық газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

Жоғарыда айтылған шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:

2- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Тұрғын үй көмегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) тағайындалады.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (адам) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қарабалық ауданының бөліміне (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі – портал) балама негізде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 50071 болып тіркелген) (бұдан әрі - Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі) 4- тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4- тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 3- тармағының екінші абзацында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.

Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.»;

3- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге портал не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде «жеке кабинетке» жіберіледі.».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Аудандық мәслихаттың хатшысы                           А. Төлебаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекетті мекемесінің басшысы

________________ Д. Шрейдер

2018 жылғы «____»__________


Қарабалық аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына

түсіндірме жазба

р/р

Түсіндірме жазбаданкөрініс табуы тиіс мәліметтердің

тізбесі

Ескерту

1.

Әзірлеуші – мемлекеттік орган

«Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келтіру

3.

Қандай заңңамалық актілерді,                 ҚР Президентінің, Үкіметінің актілерін, басқа да актілерді немесе тапсырмаларды іске асыру мақсатында жоба енгізіледі

«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 97- бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 237 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы

4.

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

Мақсаты – коммуналдық шығыстарды төлеуге арналған шығындарды өтеу.

Мерзімі – осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

5.

Жобаны қабылданған жағдайда болжамдалатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының әл-ауқаты деңгейін арттыру, өте мұқтаж азаматтарға бюджеттік қаражатты жіберу

6.

Жобаны іске асыруға байланысты болжамдалатын қаржылық шығыстар

Талап етілмейді

7.

Жобада көрсетілген мәселелер құзыретіне жататын мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себептері

Барлық бұрыштамалар бар

8.

Жобада қаралған мәселелер бойынша бұдан бұрын қандай актілер қабылданды және олар қалай орындалғаны туралы мәліметтер

Қарабалық аудандық мәслихатының шешімдері:

2014 жылғы 31 қазандағы № 283 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы»;

2015 жылғы 24 ақпандағы № 326 «Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;

2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 422 «Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;

2016 жылғы 5 мамырдағы № 28 «Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

9.

Басқа актілерді жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі

Жоқ

10.

Басқа мәліметтер

Жоқ

«Қарабалық ауданы әкімдігінің

жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы                                               Д. Шрейдер



Қарабалық аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 467

«Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер

енгізу туралы» шешімінің жобасына салыстырма кестесі

№ р/с

Құрылымдық

элементі

Бұрынғы редакция

Жаңа редакция

Енгізілетін өзгерістердің негіздемесі

1.

2- тармақ

«2. Тұрғын үй көмегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) тағайындалады.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі – портал) балама негізде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 11015 болып тіркелген, 2015 жылы 3 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.».

«2. Тұрғын үй көмегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) тағайындалады.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (адам) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қарабалық ауданының бөліміне (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі – портал) балама негізде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 50071 болып тіркелген) (бұдан әрі - Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі) 4- тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4- тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 3- тармағының екінші абзацында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.

Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.»;

нормативтік құқықтық актілердің мониторинг нәтижелері бойынша 2018 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
2. 3- тармақ «3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап ұсынады, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 10 (он) күн.».
«3. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге портал не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде «жеке кабинетке» жіберіледі.».
нормативтік құқықтық актілердің мониторинг нәтижелері бойынша 2018 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

________________________________________

хат жіберу