Блог статистикасы
195
Жазбалар
4600
Өтініштер
178974
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 13-тармағы 1-тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңының 48-бабына, 50-бабы 2-тармағы 2-тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, 2019 жылғы 25 мамырдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Қарабалық ауданы комиссиясының кезектен тыс отырысының № 5 хаттамасы негізінде ,Қарабалық кентінің Максим Горький атындағы №1 орта мектебінің аумағы Пионерская көшесі 1 бойынша тыныс-тіршілік әрекетін қамтамасыз ету мақсатында, Қарабалық ауданының әкімі ШЕШТІ:

1. 2019 жылғы 24 мамырдан бастап объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2. Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары міндетін атқарушы Қ. А. Аужанов төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды өткізу тапсырылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

                                                                                    

 

                                                                                                                                          Н. Өтегенов


хат жіберу