Блог статистикасы
195
Жазбалар
4419
Өтініштер
175270
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамының электр беру желісі бойымен күзет аймағының шекараларын белгілеу және күзет аймағында жерді пайдалану тәртібін анықтау туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 119,121 баптарына, «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабы 30) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына, «Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 бұйрығына сәйкес, «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамының электр желілерінің сақталуын қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдалуын, сонымен қатар осы желілердің күзет аймағында болып қалған халықтың арасындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шеткі сымдардың кескіндерінің екі жағынан жер бетінде тұрған тік түзу қоршаулармен шектелген әуе кеңістігі және жер учаскесі түрінде шартты сызықтармен шектелген «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамының электр беру желісі бойымен: 35 кВ әуе желілері үшін 15 метрден; 110 кВ әуе желілері үшін 20 метрден электр желілерінің күзет аймақтары белгіленсін.
Осы қаулыға берілген 1 қосымшаға сәйкес күзет аймағының жалпы көлемі учаскелерді жер пайдаланушылардан алмаусыз 180,1821гектар.
2. Осы қаулыға берілген 2 қосымшаға сәйкес «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамының электр беру желісі бойымен күзет аймағында жерді пайдалану тәртібі белгіленсін.
3. «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамы электр беру желісі бойымен күзет аймағына енген жерді арнайы белгілермен көрсетуге міндеттелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.



Қарабалык ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "___" _____________ "
қаулысына 2 қосымша
№ №
Учаскенің р/н
Объектінің атауы
күзет аймағы белгіленетін санаттар және жер пайдаланушылардың атауы Жалпы алаңы, га Соның ішінде Кадастрлық нөмірлер
Күзет аймағының ені
жайылым,
га
егістік,
га
Елді мекен жерлері, га Кәсіпорын, көлік, байланыс және басқа
1 2 3 4 5 6 7 8
№ 1 ЭБЖ 110 кВ шекарасы бойындағы күзет аймағы (кадастрлық нөмірі 12-182-045-207, ЭБЖ 110 кВ пайдалану және қызмет көрсету үшін, «Троицкая районная Южноуральский рудник» 161 тіреуіштен 191 тіреушке дейін, алаңы – 0,0950 га) «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ААҚ Қор жерлері 24,2920 24,2920 - - - - Белағаштың екі жағына 20 метрдан
№1 учаскі бойынша барлығы 24,2920 24,2920
№ 2 35 кВ ЭБЖ шекарасы бойындағы күзет аймағы (кадастрлық нөмірі 12-182-010-209, 35кВ ЭБЖ пайдалану және қызмет көрсету үшін «Троицкая районная- Скалистая» 62 тіреуіштен 158 тіреуішке дейін, алаңы – 0,2350 га) «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ААҚ «Новотроицк-1» ЖШС 11,2435 11,2435 - - - 12-182-010-154 Белағаштың екі жағына 15 метрдан
Жумабаев С.Х.ш/қ 0,6735 0,6735 -
-
-
12-182-010-064
«Терра» ЖШС 2,9530 2,9530 - - - 12-182-008-894
«Новотроицк-1» ЖШС 1,2210 1,2210 - - - 12-182-010-116
«Новотроицк-1» ЖШС 2,9980 2,9980 - - - 12-182-010-117
«Новотроицк-1» ЖШС 13,1270 - 13,1270 - - 12-182-010-098
«Новотроицк-1» ЖШС 6,4466 - 6,4460 - - 12-182-010-118
Қор жерлері 0,6997 - - 0,6997 - -
Қор жерлері 0,0754 - - - 0,0754 -
№2 учаскі бойынша барлығы 39,4377 19,089 19,5736 0,06997 0,0754
№ 3 110 кВ ЭБЖ шекарасы бойындағы күзет аймағы (кадастрлық нөмірі 12-182-045-208, 110 кВ ЭБЖ пайдалану және қызмет көрсету үшін «Троицкая районная Южноуральский рудник» 43 тіреуіштен 122 тіреуішке деін, алаңы – 0,2530 га) «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ААҚ «Новотроицк-1» ЖШС 5,2474 5,2474 - - - 12-182-010-115 Белағаштың екі жағына 20 метрдан
«Новотроицк 21,4778 21,4778 - - - 12-182-010-154
«Новотроицк 5,7809 - 5,7809 - - 12-182-010-153
«Новотроицк 20,7751 - 20,7751 - - 12-182-010-098
«Новотроицк 8,2662 - 8,2662 - - 12-182-010-118
Қор жерлері 1,0925 1,0925 - - -
Қор жерлері 0,1265 - - - 0,1265
№3 учаскі бойынша барлығы 62,7664 27,8177 34,8222 0,1265
№ 4 35 кВ ЭБЖ шекарасы бойындағы күзет аймағы (кадастрлық нөмірі 12-182-045-212, 35 кВ ЭБЖ пайдалану және қызмет көрсету үшін «Строительная-Шубаркуль» 16 тіреуіштен Шубаркуль қосалқы станциясына дейін, алаңы – 0,3140 га) «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ААҚ ОАО «Вторая генерирующая компания оптового рынка электроэнергии» 0,7153 0,7153 - - - Белағаштың екі жағына 15 метрдан
ТОО «Новотроицк-1» 0,1159 0,1159 - - -
«ҚТЖ» ҰК»
0,5027
-
-
-
0,5027
АҚ «ҚазавтоЖол»ҰК» АҚ ҚОФ 2,3965 - - - 2,3965
Қор жерлері 49,9556 49,9556
№4 учаскі бойынша барлығы 53,6860 0,8312 52,8548
Аудан бойынша барлығы 180,1821 72,0299 54,3958 0,06997 53,0567





Қарабалык ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "___" _____________ " қаулысына 2 қосымша

«Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамының электр беру желісі бойымен күзет аймағындағы жерді пайдалану тәртібі
1. Электр берудің әуе желілерінің күзет аймақтарындағы пішенді жырту, жинау, шығару, жайылма суару сияқты алаңдық ауыл шаруашылығы жұмыстарын жер пайдаланушылар «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамына алдын ала осы жұмыстардың басталуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей жазбаша хабарлау арқылы жүргізеді.
2. «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамының келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейді.
3. Суаратын және коллекторлы-дренажды арналарды салу, жүзімдіктер мен бақтар қатарларын орнату кезінде және басқа жұмыстарды жүргізуде электр желілеріне кіреберіс және кіретін жолдары сақталады.
4. «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамы осы желілердің күзет аймақтарында электр желілерін жөндеуге және пайдалануға қажетті жер жұмыстарын және өзге де жұмыстарды жүргізеді.
5. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерден өтетін электр желілерін жөндеу және реконструкциялау жөніндегі жоспарлы жұмыстар жер пайдаланушылармен келісім бойынша және осы жерлер ауыл шаруашылығы дақылдарынан бос болғанда немесе осы дақылдардың сақталуын қамтамасыз ету мүмкін болғанда жүргізіледі.
     «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамы егін себу жұмыстарының басталуына дейін үш ай бұрын электр берудің желілерін жөндеу және реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жоспарланған мерзімдер туралы жер пайдаланушыларды жазбаша хабардар етеді.
6. Электр беру желілерінде аварияларды болдырмау немесе олардың салдарларын жою бойынша жұмыстарды жылдың кез келген уақытында жер пайдаланушылар мен жер иеленушілердің келісімінсіз, бірақ оларды жүргізілетін жұмыстар туралы хабардар ету арқылы жүргізіледі.
7. «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамы авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындаған соң жердің пайдаланылатын жерлерін мақсатты бағыты бойынша оларды пайдалану үшін жарамды жай-күйге келтіруге, сондай-ақ жер пайдаланушылар жұмысты жүргізуде келтірілген шығындарды өтейді. Жер пайдаланушылардың шығындары тараптардың келісімі бойынша анықталады және өтеледі.
8.Мемлекеттің меншігіндегі жерде «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамы:
1) санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес өндiрiс технологияларын қолдансын, өздерi жүзеге асыратын шаруашылық және өзге де қызмет нәтижесiнде халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге, санитарлық-эпидемиологиялық, радиациялық және экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермесін;
2) жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғауға; ауыл шаруашылығы жерiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шiлiк басып кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының өзге де түрлерiнен қорғауға; бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға; жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзсін;
3) жануарлар дүниесiн, орман, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тәртiбiн сақтасын;
4) шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтасын;
5) топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және оның құнарлылығының нашарлауына, сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу құнарлы қабаттың бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатымен оны сыдырып алуға жол бермесін.
хат жіберу