Блог статистикасы
195
Жазбалар
4420
Өтініштер
175412
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамының электр беру желісі бойыменкүзет аймағының шекараларын белгілеу және күзет аймағында жерді пайдалану тәртібін анықтау туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 119,121-баптарына, «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 30) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, 2017 жылғы 30 қазанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15943 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 «Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамының электр желілерінің сақталуын қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында болып қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шеткі сымдардың кескіндерінің екі жағынан жер бетінде тұрған тік түзу қоршаулармен шектелген әуе кеңістігі және жер учаскесі түрінде шартты сызықтармен шектелген «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамының электр беру желісі бойымен: 35 киловатт әуе желілері үшін 15 метрден; 110 киловатт әуе желілері үшін 20 метрден электр желілерінің күзет аймақтары белгіленсін.

Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес күзет аймағының жалпы көлемі учаскелерді жер пайдаланушылардан алмаусыз 180,1821 гектар.

2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамының электр беру желісі бойымен күзет аймағында жерді пайдалану тәртібі белгіленсін.

3. «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамына электр беру желісі бойымен күзет аймағына енген жерді арнайы белгілермен көрсету ұсынылсын.

4. «Қарабалық ауданы әкімідігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының Қостанай облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қарабалық ауданының әкімі                                                А. Әлиев




Күзет аймағы жерлерінің жалпы алаңы

3

Әкімдіктің

2018 жылғы «___» _________»

№ ______

қаулысына 2 қосымша

№ №

Учаске нің р/н

Объектінің атауы

күзет аймағы белгіленетін санаттар және жер пайдаланушылар дың атауы

Жалпы алаңы, гектар

Соның ішінде

Кадастрлық нөмірлер

Күзет аймағының ені

жайылым,

гектар

егістік,

гектар

Елді мекен жерлері, гектар

Кәсіп орын, көлік, байланыс және басқа

1

2

3

4

5

6

7

8



№ 1

110 киловатт Электр беру желілері шекарасы бойындағы күзет аймағы (кадастрлық нөмірі 12-182-045-207, 110 киловатт Электр беру желілері пайдалану және қызмет көрсету үшін,«Троицкая районная- Южноуральский рудник» 161 тіреуіштен 191 тіреушке дейін, алаңы – 0,0950 гектар) «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамы

Қор жерлері

24,2920

24,2920

-

-

-

-

Бел ағаштың екі жағына 20 метрден


№1 учаскі бойынша барлығы


24,2920

24,2920






№ 2

35 киловатт Электр беру желілері шекарасы бойындағы күзет аймағы (кадастрлық нөмірі 12-182-010-209, 35киловатт Электр беру желілері пайдалану және қызмет көрсету үшін «Троицкая районная- Скалистая» 62 тіреуіштен 158 тіреуішке дейін, алаңы – 0,2350 гектар) «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамы

«Новотроицк-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

11,2435

11,2435

-

-

-

12-182-010-154

Бел ағаштың екі жағына 15 метрден

Жумабаев Серик Хамитович шаруа қожалығы

0,6735

0,6735

-

-

-

12-182-010-064

«Терра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2,9530

2,9530

-

-

-

12-182-008-894

«Новотроицк-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

1,2210

1,2210

-

-

-

12-182-010-116

«Новотроицк-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2,9980

2,9980

-

-

-

12-182-010-117

«Новотроицк-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

13,1270

-

13,1270

-

-

12-182-010-098

«Новотроицк-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

6,4466

-

6,4460

-

-

12-182-010-118

Қор жерлері

0,6997

-

-

0,6997

-

-

Қор жерлері

0,0754

-

-

-

0,0754

-


№2 учаскі бойынша барлығы


39,4377

19,089

19,5736

0,06997

0,0754



№ 3

110 киловатт Электр беру желілері шекарасы бойындағы күзет аймағы (кадастрлық нөмірі 12-182-045-208, 110 киловатт Электр беру желілері пайдалану және қызмет көрсету үшін «Троицкая районная- Южноуральский рудник» 43 тіреуіштен 122 тіреуішке дейін, алаңы – 0,2530 гектар) «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамы

«Новотроицк-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

5,2474

5,2474

-

-

-

12-182-010-115

Бел ағаштың екі жағына 20 метрден

«Новотроицк-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

21,4778

21,4778

-

-

-

12-182-010-154

«Новотроицк-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

5,7809

-

5,7809

-

-

12-182-010-153

«Новотроицк-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20,7751

-

20,7751

-

-

12-182-010-098

«Новотроицк-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

8,2662

-

8,2662

-

-

12-182-010-118

Қор жерлері

1,0925

1,0925

-

-

-


Қор жерлері

0,1265

-

-

-

0,1265



№ 3 учаскі бойынша барлығы


62,7664

27,8177

34,8222


0,1265



№ 4

35 киловатт Электр беру желілері шекарасы бойындағы күзет аймағы (кадастрлық нөмірі 12-182-045-212, 35 киловатт Электр беру желілері пайдалану және қызмет көрсету үшін «Строительная-Шубаркуль» 16 тіреуіштен Шубаркуль қосалқы станциясына дейін, алаңы – 0,3140 гектар) «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамы

«Вторая генерирующая компания оптового рынка электроэнергии» ашық акционерлік қоғамы

0,7153

0,7153

-

-

-


Бел           ағаштың екі жағына 15 метрден

«Новотроицк-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

0,1159

0,1159

-

-

-


«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

0,5027

-

-

-

0,5027


«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының Қостанай облысы филиалы

2,3965

-

-

-

2,3965


Қор жерлері

49,9556




49,9556



№ 4 учаскі бойынша барлығы


53,6860

0,8312



52,8548



Аудан бойынша барлығы

180,1821

72,0299

54,3958

0,06997

53,0567








Әкімдіктің

2018 жылғы «___»__________

қаулысына 2 қосымша

«Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамының электр беру желісі бойымен күзет аймағындағы жерді пайдалану тәртібі

1.Электр берудің әуе желілерінің күзет аймақтарындағы пішенді жырту, жинау, шығару, жайылма суару сияқты алаңдық ауыл шаруашылығы жұмыстарын «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамына алдын ала осы жұмыстардың басталуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей жазбаша хабарлау арқылы жер пайдаланушылар жүргізеді.

2. Қарамағында электр желілері бар «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамының келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейді.

3. Суаратын және коллекторлы-дренажды арналарды салу, жүзімдіктер мен бақтар қатарларын орнату кезінде және басқа жұмыстарды жүргізуде электр желілеріне кіреберіс және кіретін жолдары сақталады.

4. «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамы осы желілердің күзет аймақтарында электр желілерін жөндеуге және пайдалануға қажетті жер жұмыстарын және өзге де жұмыстарды жүргізеді.

          5. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерден өтетін электр желілерін жөндеу және реконструкциялау жөніндегі жоспарлы жұмыстар жер пайдаланушылармен келісім бойынша және осы жерлер ауыл шаруашылығы дақылдарынан бос болғанда немесе осы дақылдардың сақталуын қамтамасыз ету мүмкін болғанда жүргізіледі.

      «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамы егін себу жұмыстарының басталуына дейін үш ай бұрын электр берудің желілерін жөндеу және реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жоспарланған мерзімдер туралы жер пайдаланушыларды жазбаша хабардар етеді.

6. Электр беру желілерінде аварияларды болдырмау немесе олардың салдарларын жою бойынша жұмыстарды жылдың кез келген уақытында жер пайдаланушылар мен жер иеленушілердің келісімінсіз, бірақ оларды жүргізілетін жұмыстар туралы хабардар ету арқылы жүргізіледі.

7. «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамы авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындаған соң жердің пайдаланылатын жерлерін мақсатты бағыты бойынша оларды пайдалану үшін жарамды жай-күйге келтіруге, сондай-ақ жер пайдаланушылар жұмысты жүргізуде келтірілген шығындарды өтейді. Жер пайдаланушылардың шығындары тараптардың келісімі бойынша анықталады және өтеледі.

8. Мемлекеттің меншігінде тұратын жерде «Межрегиональная распределительная сетевая компания Урала» ашық акционерлік қоғамына ұсынылсын:

1) санитарлық - эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетін өндiрiс технологияларын қолдануы, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге жол бермеуі, қол жетімді озық технологияларды енгізу;

2) жерді су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, соның ішінде биогендік ластанудан, сондай-ақ басқа да жағымсыз ықпалдан, ауыл шаруашылығы дақылдары мен басқа да жерлерді бактериалдық-паразиттік және карантиндiк зиянкестер мен ауруларды жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шiлiк басып кетуден және жердiң жай-күйi нашарлауының өзге де түрлерiнен қорғауға бағытталған iс-шаралар жүргiзу;

3) жануарлар дүниесiн, орман, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тәртiбiн сақтау;

4) шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтау;

5) топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және оның құнарлылығының нашарлауына, сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу құнарлы қабаттың бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатымен оны сыдырып алуға жол бермеу.

хат жіберу