Блог статистикасы
195
Жазбалар
4723
Өтініштер
182975
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
  • Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования на 2018 год

2018 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9- бабына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:     

1. 2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімінің

міндетін атқарушы                                                              М. Омаров

                                                                                         Қарабалық ауданы

әкімдігінің 2017 жылғы «__» ___________ № _____ қаулысына қосымша

                                                                            

2018   жылға арналған ұйымдар бөлінісінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-

анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып

табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін

жұмыс орындарына квота мөлшері

р/с №

                   Ұйымның атауы

Жұмыскер    

    лердің    

    тізімдік

     саны

Квота мөлшері

жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімде

Жұмыс орындарының саны

1.

«АГРО-ТОРО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

263

   0,4%

1

2.

«Ак-Бидай-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

     258

1,5%

4

3.

«Қостанай-Агро 2008» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

     70

1,4%

1

4.

«КАЗСТРОЙКОМПЛЕКТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

     166

0,6%

         1

                                                                            

хат жіберу