Блог статистикасы
195
Жазбалар
4599
Өтініштер
178974
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

2018 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9- бабына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімінің

міндетін атқарушы                                                              М. Омаров

Қарабалық ауданы әкімдігінің 2017 жылғы «__» ___________ № _____ қаулысына қосымша

                                                                            

       2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері

р/с №

         Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері

жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімнде

Жұмыс орындарының саны

1.

«Ак-Бидай-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

258

1,2%

3

2.

«Манас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

86

1,2%

1

3.

«Қостанай-Агро 2008» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

70

2,9%

2

4.

«АГРО-ТОРО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

263

0,4%

1

5.

«САНА-АГРО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

110

0,9%

1

6.

«Тогас и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

114

0,9%

1

7.

Қарабалық ауданы әкімдігінің «Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

157

3,2%

4

                                                                                                                                                                

                                                                                                          

хат жіберу