Блог статистикасы
195
Жазбалар
4600
Өтініштер
178974
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы                        6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:     

1. 2019 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2019 жылдың                          1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.

    Аудан әкімі                                                           Н. Утегенов




Қарабалық ауданы әкімдігінің 2018 жылғы «__» ___________ № _____ қаулысына қосымша

                                                                            

2019 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері

             Ұйымның атауы

Ұйымдағы жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімде

Жұмыс орындарының саны

1.

«Ак-Бидай-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

258

0,4%

1

2.

«Тогызбай-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

101

1,0%

1

3.

«Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

320

0,6%

2

                                                                                                                                                                

             Әкімдік қаулысының жобасына түсіндірме хат

Түсіндірме хатта көрсетілетін мәліметтердің тізімі

Ескерту

1.

Аудан әкімдігінің қаулы жобасының атауы

2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

2.

Мемлекеттік органы- жобаның әзірлеуші

«Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

3.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негізі

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу

4.

Қандай заңнама актілерді, Президентінің, ҚР Үкіметінің актілерді, өзге де актілер немесе тапсырмаларды іске асыру мақсатында жоба енгізіледі

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9- бабы

5.

Күтіп отырған нәтижелердің нақты мақсаттары және мерзімдері

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарын құру

6.

Жобаны қабылдау жағдайда болжамдап отырған әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар белгілеу

7.

Жобаны іске асыруға байланысты болжамдап отырған қаржылық шығындары

Жоқ

8.

Құзыретіне жобада көрсетілген мәселелері кіретін мемлекеттік органы басшысының бұрыштамасы жоқ себептері

Барлық қажет бұрыштамалары бар

9.

Жобада қарастырылған мәселелер бойынша бұрын қандай актілер қабылданған туралы мәліметтер

Жоқ

10.

Жобаға сәйкес өзге актілерді келтіру қажеттілігі

Жоқ

11.

Басқа да мәліметтер

Жоқ

     Басшысының орыңбасары                                                  С. Коваленко

 


хат жіберу