Блог статистикасы
195
Жазбалар
4420
Өтініштер
175457
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жобаның шешімі

Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және                  өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 - бабы 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2016 жылғы 25 қазандағы № 01-20/313 ұсынысы негізінде, Бозкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Бозкөл ауылдық округі, Бозкөл ауылында, Октябрьская көшесі, 39 үй орналасқан Наталья Викторовна Егорованың жеке шаруашылық аумағында ірі қара малдың кұтыру ауруына туындауына байланысты шектеу іс - шаралары белгіленсін.

2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің Қарабалық аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық - санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бықылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 5 ақпан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

Бозкөл ауылдық округінің әкімі                                     С. Төлебаев

                                                                                                                

хат жіберу