Блог статистикасы
195
Жазбалар
4419
Өтініштер
175187
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қарабалық ауданы бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты әлеуметтік маңызы бар автомобиль тасымалына тарифтерді белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабы 2, 4-тармақтарына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Смирновка - Қарабалық» учаскесіндегі қалааралық автобус бағдарында 259 (екі жүз елу тоғыз) теңге көлемінде автокөлік жолдарындағы жолаушылар мен багажды автокөлікпен тасымалдау тарифі белгіленсін.

          2. «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

          2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

          3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қарабалық ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

          3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары экономикалық саласындағы жүктелсін.

          4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қарабалық ауданының әкімі                                          А. Әлиев

«КЕЛІСІЛДІ»

Қарабалық ауданы мәслихатының хатшысы

________________ А. Төлебаев

«____» ____________ 2018 года     

хат жіберу