Блог статистикасы
195
Жазбалар
4599
Өтініштер
178974
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қарабалықауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының5-тармағынажәне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде  2018 жылғы 1 ақпанда № 16299 тіркелген) сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоса беріліп отырған Қарабалық ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалау әдiстемесi бекiтілсін.

2. «Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының Қостанай облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 92 «Қарабалық ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                                                                       А. Әлиев



хат жіберу