Блог статистикасы
195
Жазбалар
4420
Өтініштер
175444
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» № 295 бұйрығына сәйкес, Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Қоса беріліп отырған Қарабалық ауданы Қарабалық кентінң жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті бекітілсін.

         2. «Қарабалық аудандық мәслихаты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

          2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

          3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қарабалық ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

          4) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін;

          3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

         4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қарабалық аудандық мәслихатының

кезектен тыс сессиясының төрағасы

Қарабалық аудандық

мәслихатының хатшысы                                                                  А. Тюлюбаев

   

КЕЛІСІЛДІ

Қарабалық кенті әкімінің

міндетін атқарушы

___________________ А.Шектібаев

хат жіберу